№35 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі (оқыту орыс тілінде) бос лауазымдық орынға конкурс жариялайды

Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
«№35 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі (оқыту орыс тілінде) бос лауазымдық орынға
конкурс жариялайды
Конкурс жарияланған лауазым атауы: Абай облысы білім басқармасының Семей
қаласы білім бөлімінің «№35 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ бастауыш
сынып мұғалімі (оқыту орыс тілінде) ) бос лауазымдық орынға конкурс жариялайды.
Конкурсты өткізу орны мен мерзімі: Абай облысы, Семей қаласы, Селевина к-сі 24.
Байланыс телефоны:8 (7222)38 – 26 - 51
Электрондық мекен-жайы: sssh35@mail.ru
Конкурс қатысуға өтінім беру мерзімі және қабылдау орны: Абай облысы
білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№35 жалпы орта білім беретін
мектебі» КММ
Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім Абай облысы білім басқармасының Семей
қаласы білім бөлімінің «№35 жалпы орта білім беретін мектебі» мемлекеттік мекемесінің
сайтында конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жариялаған күннен бастап 7 күнтізбелік
күнде 01.08.2024 ж. – 09.08.2024 ж. аралығында жүзеге асырылады, конкурсқа
қабылданған құжаттарды қарау және қортынды шығару уақыты 2023 жылыдың 09 тамыз
сағат 8.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті берушіден
өтінішті қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі, жексенбі
және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген
жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат
13.00-ден 14.00-ге дейін.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:
- жоғары педагогикалық немесе бейіні бойынша білім және педагогикалық жұмыс
өтілі болуы тиіс.
- Оқытушылық қызметін жүзеге асыру кезінде қосымша «педагог», «педагогмодератор», біліктілігі немесе «педагог сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагогшебер» біліктілігінің болуы.
- Компьютерде жұмыс жасай білуі және құжаттарды даярлауға арналған
бағдарламаларды қолдана білуі.
Лауазымдық міндеттері:
1. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын
пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және
тәрбиелеуді жүзеге асырады;
2. Білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға
және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін
анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;
3. Білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен
әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе "учитель/мұғалім" тікелей
қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін
сақтауға үйретеді;
4. Білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа
тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;
5. Пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық)
жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау
үшін тапсырмалар жасайды;
6. Бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды
өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;
7. Журналдарды (қағаз немесе электрондық) толтырады;
8. Оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
қолданады;
9. Оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттықкоммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;
10. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, Жүйелікқызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
11. Оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім
алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу
жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске
асырылуын қамтамасыз етеді;
12. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын
және бейімділіктерін зерделейді;
13. Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;
14. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін
ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;
15. Арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере
отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім
алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты
жүзеге асырады;
16. Интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана
отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;
17. Әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік,
педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына
қатысады;
18. Ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;
19. Ата-аналарға кеңес береді;
20. Кәсіби құзыреттілікті арттырады;
21. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын
сақтайды;
22. Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын
қорғауды қамтамасыз етеді;
23. Ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты
жүзеге асырады;
24. Тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды
толтырады;
25. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім
туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы",
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-
педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы" заңдары, білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандарты және білім беруді дамытудың бағыттары мен
перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;
педагогика мен психология;
пәнді оқыту әдістемесі, тәрбие жұмысы, оқыту құралдары және олардың дидактикалық
мүмкіндіктері;
педагогикалық этиканың нормалары;
медиация техникасы және қақтығыстарды шешу мүмкіндігі;
оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптар;
құқық негіздері және еңбекті, экономиканы ғылыми ұйымдастыру;
еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы
қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Құжаттар тізімі:
Конкурсқа педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін және осы
Қағидалардың 118-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттарды ұсынған
педагогтер қатысады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды
қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың
тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған
электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты
мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын
біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту
туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының
2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша
денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан
төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша
шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе
педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе
педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta
сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta
(Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) –
6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу
керек.
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы
пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына
педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте
кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос
лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі
ажыратымдылығы – 720 x 480.
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби
деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру,
ғылыми/академиялықдәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік
жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс
орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Осы Қағидалардың 118-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы
құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады. Құжаттар топтамасы толық
ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас
тартылады.
Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің
кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық
тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы.
Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек
күту тәртібімен жүзеге асырылады.
Толық ақпарат алу үшін:
Абай облысы, Семей қаласы, Селевина көшесі,24.
Байланыс нөмірі: 8 (7222)38 – 26 - 51
Электрондық адрес: sssh35@mail.ru хабарласу керек
«Абай облысы Семей қаласы
білім бөлімі» ММ басшысының м.а.
Б.З.Булабаевқа
2023-2024 о.ж. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАРҒА СҰРАНЫС
№ Білім
мекемесінің
атауы
Мекенжайы
Байланыс
телефоны
Қажеттілік
/пән атауы/
Жүктеме Қойылатын
талаптар
Қажеттілік
себептері
1 Абай облысы
білім
басқармасының
Семей қаласы
білім бөлімінің
«№35 жалпы
орта білім
беретін
мектебі» КММ
Семей
қаласы,
Селевина
көшесі,24.
8 (7222)
38 – 26 -
51
Бастауыш
сынып
мұғалімі
(орыс
тілінде)
1 бірлік
жүктеме
Еңбек өтілі
3 жылдан
кем емес
Бос
лауазымдық
орын
«№35 ЖОББМ» КММ директоры: Махамбетова Г.М

Дата публикации
01 августа 2024