« Жарқын жалпы орта білім беретін мектебі» КММ әлеуметтік педагог декреттік демалыс орнына бос лауазымдық орынға конкурс жариялайды.

 

Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің

 « Жарқын жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

 әлеуметтік педагог декреттік демалыс орнына

 бос лауазымдық орынға конкурс жариялайды.

 

Конкурс жарияланған лауазым атауы: Абай облысы білім басқармасының  Семей қаласы   білім  бөлімінің  « Жарқын жалпы орта білім беретін мектебі» КММ  әлеуметтік педагог декреттік демалыс орнына бос лауазымдық орынға конкурс жариялайды.

Конкурсты өткізу орны мен мерзімі: Абай облысы, Семей қаласы, Жарқын ауылы, Сары-Арқа 2

Байланыс телефоны:8 (7222) 44-45-68

Электрондық  мекен-жайы: zharkynskaya.sosh@mail.ru

Конкурс қатысуға өтінім беру мерзімі және қабылдау  орны: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің « Жарқын жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 

Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім Абай  облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің « Жарқын жалпы орта білім беретін мектебі»   мемлекеттік мекемесінің сайтында конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жариялаған күннен бастап 7 күнтізбелік күнде 22.07.2024 ж. – 31.07.2024 ж. аралығында жүзеге асырылады,  конкурсқа  қабылданған құжаттарды қарау және қорытынды шығару уақыты 2024 жылдың  1 тамыз  сағат 8.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті берушіден өтінішті қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

 

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

  • жоғары педагогикалық немесе бейіні бойынша білім және педагогикалық жұмыс өтілі болуы тиіс.
  • Оқытушылық қызметін жүзеге асыру кезінде қосымша «педагог», «педагог-модератор», біліктілігі немесе «педагог сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілігінің болуы.
  • Компьютерде жұмыс жасай білуі және құжаттарды даярлауға арналған бағдарламаларды қолдана білуі.

 

Лауазымдық міндеттері:

  1. жеке тұлғаның және оның микроортасының психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін, өмір сүру жағдайларын зерттейді, мүдделер мен қажеттіліктерді, проблемаларды, жанжалды жағдайларды, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтайды және оларға уақытылы әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетеді.                                                                                               
  2. әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, нысандарын, әдістерін, баланың жеке және әлеуметтік мәселелерін шешу тәсілдерін айқындайды, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, балалардың жеке басының құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдайды.                                                                                                   
  3. білім алушылар, тәрбиеленушілер, балалар мен мекеме, отбасы, орта, түрлі әлеуметтік қызметтердің, ведомстволар мен әкімшілік органдардың мамандары арасында делдал болады.   
  4. жеке тұлғаның қоғамдағы өмірге бейімделуін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарында және тұрғылықты жері бойынша білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) тәрбиелеу, білім беру, дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге    асырады.     
  5. жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, мүмкіндігі шектеулі балалардың, мүгедек балалардың, бала кезінен мүгедектердің патронаты, тұрғын үймен, жәрдемақылармен, зейнетақылармен, мүліктік және мүліктік емес құқықтармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді. 
  6. сабақтан тыс уақытта білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) таланттарын, ақыл-ой және дене қабілеттерін дамытуға жағдай жасайды.     
  7. әлеуметтік ортада адамгершілік, адамгершілік салауатты қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді.       
  8. бала мен мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік қызметтер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.                 
  9. мұғалімдермен, ата-аналармен және басқа да заңды өкілдермен өзара әрекеттеседі.       
  10. білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.     
  11. білім беру ұйымдарында білім беру оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады.
  12. психофизиологиялық орындылығын негізге ала отырып, жұмыс (оқыту) нысандарын, құралдары мен әдістерін әлеуметтік негізделген таңдауды қамтамасыз етеді;   
  13. білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етеді, аз қамтылған және басқа да оқушылардың ыстық тамақтануына жауап береді, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оларды баспанаға және басқа да мемлекеттік мекемелерге бөлу үшін құжаттар дайындайды, әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен аз қамтылған отбасылар қатарындағы білім алушыларға қаржылық және материалдық көмек көрсетуге бөлінген қаражаттың жұмсалуына жалпыға бірдей оқыту қорына жауап береді ҚР Үкіметінің 25.01.2008 ж. №64 . профилактика Кеңесінің, қамқоршылық және қорғаншылық кеңестердің жұмысын ұйымдастыру, оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау (сабаққа қатысуды есепке алуды жүргізу);
  14. сабақтардың жоспарлары мен бағдарламаларын жасайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді; белгіленген құжаттама мен есептілікті жүргізеді;
  15. өз құзыреті шегінде ата-аналарға (оларды алмастыратын адамдарға), сондай-ақ мектептің педагог қызметкерлеріне және білім алушыларға консультациялық көмек көрсетеді;
  16. сабақтарды өткізу кезінде еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғау қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді; белгіленген үлгідегі журналда міндетті түрде тіркей отырып, білім алушылардың еңбегін қорғау бойынша нұсқама жүргізеді;
  17. мектеп әкімшілігіне әрбір жазатайым оқиға туралы жедел хабарлайды, дәрігерге дейінгі Алғашқы көмек көрсету бойынша шаралар қабылдайды;
  18. өзінің кәсіби біліктілігін арттырады; әдістемелік бірлестіктердің қызметіне және әдістемелік жұмыстың басқа да нысандарына қатысады;
  19. мектептің педагогикалық кеңесінің жұмысына қатысады, бұйрықтардың жобаларын дайындайды;
  20. мерзімді тегін медициналық тексеруден өтеді;
  21. мектепте, тұрмыста, қоғамдық орындарда педагогтің қоғамдық жағдайына сәйкес мінез-құлықтың этикалық нормаларын сақтайды;

       Білуге тиіс:

       Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары және білім беру қызметін, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың басым бағыттарын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер;

      педагогика және психология негіздерін, еңбек заңнамасы;

      педагогикалық этиканың нормалары;

       тәрбие жұмысының әдістемесін, өнімді, сараланған, дамытушылық оқытудың заманауи педагогикалық технологиялары, құзыреттілік тәсілді іске асыру;

       білім алушылармен, әртүрлі жастағы тәрбиеленушілермен, олардың ата-аналарымен (оларды алмастыратын адамдармен), педагогтармен байланыс орнату, жанжалды жағдайлардың себептерін диагностикалау, олардың алдын алу және шешу әдістері;

      білім беру ұйымдарының ішкі еңбек тәртібінің қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидалары.

 

         Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе тиісті бейін бойынша немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талаптар қойылмай, педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат;

      және (немесе) біліктілігінің орта немесе жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;

      және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі-кемінде 5 жыл;

      Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) "педагог-модератор":

      "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:

      зерттеу, эксперименттік жұмыс дағдыларын пайдалануға;

      жаңа әдістемелерді сынақтан өткізу бойынша жұмыс жүргізуге;

      өңірлік (қалалық) көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың жеңімпаз балалар ұжымдарын басқаруға тиіс;

      2) "педагог-сарапшы":

      "педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:

      зерттеу, эксперименттік жұмыс әдістерін қолдануға;

      облыстық, республикалық конкурстардың, көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың жеңімпаз балалар ұжымдарын басқаруға;

      педагогикалық басылымдарда әдістемелік жарияланымдарының болуы тиіс;

      3) "педагог-зерттеуші":

      "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:

      халықаралық, республикалық конкурстардың, көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың жеңімпаз балалар ұжымдарын басқаруға;

      авторлық әдістемелік әзірлемелері болуы тиіс;

      4) "педагог-шебер":

      "педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:

      халықаралық, республикалық конкурстардың, көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың жеңімпаз балалар ұжымдарын басқаруға;

      авторлық әдістемелік әзірлемелері болуы;

      облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-те мақұлданған әдістемелік материалдардың болуы тиіс.

 

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 338 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 17 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5750 болып енгізілді.

 

Құжаттар тізімі:

Конкурсқа Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін және

осы Қағидалардың  118-тармағында  көрсетілген тізім бойынша құжаттарды ұсынған педагогтер қатысады.

  1. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен  бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама;

10) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік

санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);

11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

 

  Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялықдәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

      Осы Қағидалардың  118-тармағында  көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.

Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің

кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы. Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

Толық ақпарат алу үшін:

Абай облысы, Семей қаласы,  Жарқын ауылы, Сары-Арқа 2

Байланыс нөмірі: 8 (7222) 44-45-68

Электрондық  адрес: zharkynskaya.sosh@mail.ru

хабарласу керек

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
22 июля 2024