«№36 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ тәлімгер орнына конкурс жариялайды

Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің

«№36 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

тәлімгер орнына конкурс жариялайды

 

           Конкурс жарияланған лауазым атауы: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№36 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ  тәлімгер орнына.

Конкурсты өткізу орны мен мерзімі: Абай облысы, Семей қаласы, Некрасов к-сі 102,  15 мамыр 2024 ж.

Байланыс телефоны: 8 (7222)52 – 35 - 92

Электрондық мекен-жайы: semey.36mektep@mail.ru

Конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі және қабылдау орны: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№36 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 

Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім «Enbek.kz» сайтында, Абай облысы білім басқармасының «Семей қаласы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сайтында конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жариялаған күннен бастап 7 күнтізбелік күнде жүзеге асырылады (құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі).

Көрсетілетін қызметті берушіден өтінішті қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

 

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

  • Арнаулы орта, жоғары педагогикалық немесе бейіні бойынша білім болуы тиіс.
  • компьютерде жұмыс жасай білуі және құжаттарды даярлауға арналған бағдарламаларды қолдана білуі.

 

Лауазымдық міндеттері:  


  1. Балалар қоғамдық бірлестігі мен ұйымның қызметіне және дамуына, олардың қызметіне көмектеседі, балалардың қажеттілігі мен қызығушылығына адамгершілікпен демократиялық өзіндік бастамасымен қарайды.
  2. Балалар қоғамдық бірлестігі мен ұйымның қызметіне қолғабыс етеді. Өмір талаптарына және жас ерекшеліктеріне сәйкес ұжымдық шығармашылық қызметтерін ұйымдастырады.
  3. Балалар және жастар ұйымдары бірлестігі туралы білулерін қамтамасыз етеді.

4.Оқушыларға азаматтық және өнегелілік позициясын көрсетуіне, қызығушылығымен талабын жүзеге асыруына, бос уақыттарын қызықты және іске пайдалы өткізуіне қолайлы жағдай жасайды.

5.Өзіне сеніп тапсырылған оқушылардың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігіне қамқорлық етеді, еңбекті қорғау қауіпсіздік техникасын, өртке қарсы ережелер мен нормаларын сақтайды.

  1. Оқушылардың сырт келбетіне жүйелі түрде бақылау жасап отырады.

7.Өзінің біліктілігін арттырып балалармен, жасөспірімдермен жұмыстың озық тәжірибелерін үйреніп қолданады.

  1. Бастапқы балалар ұйымдары, бірлестік ұжымдарының басқарушыларын даярлап іріктеу жұмыстарын жүргізеді.

9.Өз жұмысын жоспарлап, құжаттарды қалыптасқан тәртіпте жүргізеді.

  1. Балалар қоғамдық ұйымдары мен бірлестігінің қызметінің дамуына ықпал жасайды.

11.Балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерінің бағдарламаларын жасауға көмектеседі, олардың қызметінің мазмұны мен түрлерін жаңартуға ықпал жасайды.

12.Балалар мен жеткіншектердің бастамасын, жас ерекшеліктеріне сәйкес қызығушылықтары мен қажеттілігін ескере отырып жұмысын жоспарлайды.

13.Ұжымдық шығармашылық қызметті ұйымдастырады.

14.Балалар мен жасөспірімдерді жұмыс істеп жатқан ұйымдар, бірлестіктер туралы кең көлемде ақпараттандыруға жағдай жасайды.

15.Балалар мен жасөспірімдердің азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын арттырады, өздерінің қызығушылықтары мен қажеттілігін іске асыру үшін қажетті жағдай жасайды.

16.Білім беру ұйымдарында жалпы мәдени – бұқаралық, патриоттық жұмыстарды жүргізеді.Сынып жетекшілеріне тәрбие жұмысын ұйымдастыру, балалардың танымдық демалысы олардың бос уақыттарын қызықты пайдалы ұйымдастырып өткізуге ат салысады.

17.Өзіне сеніп тапсырылған білім алушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қамқоршылық жасайды.

  1. Демалыс кезінде олардың демалуын ұйымдастырады.
  2. Балалар мен жасөспірімдермен жүргізілетін алдыңғы қатарлы озық іс – тәжірибені зерделейді және қолдайды.
  3. Балалардың ұйымдары мен бірлестіктері алғашқы ұжымдарының басшыларын дайындау және іріктеу бойынша жұмыстар жүргізеді.
  4. Білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымының өзін – өзі басқару органдарымен, қоғамдық ұйымдармен, оқушылардың ата-аналарымен немесе оларды ауыстырушылармен тығыз байланыста жұмыс жүргізеді.

 

     Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 24 қарашада № 25349 болып тіркелді.

 

Құжаттар тізімі:

Конкурсқа Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін және

осы Қағидалардың  107-тармағында  көрсетілген тізім бойынша құжаттарды ұсынған педагогтер қатысады.

  1. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама;

10) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог- модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік

санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);

11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

 

  Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

      Осы Қағидалардың  107-тармағында  көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.

          Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің

кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы. Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

 

Толық ақпарат алу үшін:

Абай облысы, Семей қаласы, Некрасов көшесі,102.

Байланыс нөмірі: 8 (7222)52 – 35 - 92

Электрондық  адрес: semey.36mektep@mail.ru хабарласу керек

Дата публикации
05 мая 2024