Химиядан  қалалық олимпиадаға қатысуға

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

 «Семей медицина университеті» КеАҚ  11 сынып оқушыларын химия пәнінен облыстық олимпиадаға қатысуға шақырады.

Өткізу күні мен уақыты:

27 сәуір 2024 жыл,  сағат 10:00-да

Тіркелу уақыты: 9:00-ден 9:55-ке дейін

Өтетін орны: Абай облысы Семей қаласы, Абай көшесі 103.  Сағат 10.00-да. "Семей медицина университеті" КеАҚ бас ғимарат (акт залы, 2 қабат)

Мақсаты: дәрігер мамандығын таңдаған облыстың 11 сынып түлектерінің қызығушылығын арттыру және жаратылыстану-ғылыми мамандықтарға түсетін дарынды балаларды анықтау.

Міндеттері: Жоғары оқу орындарына дейінгі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, талдау және сыни ойлау дағдыларын, ғылыми – зерттеу қызметіне қызығушылығын анықтап дамыту, медициналық мамандықтарды таңдау себептерін анықтау.

Олимпиада мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде өткізіледі. Назарбаев зияткерлік мектебінің,Қазақ- Түрік лицейінің, Экономикалық лицейдің 11 сынып оқушылары тест тапсырмаларын ағылшын тілінде орындайды.

Олимпиада бір кезеңнен тұрады, жазбаша тестілеу түрінде өткізіледі, тесттерге орта мектептің химия бағдарламасынан сұрақтар енгізіледі. Жазбаша тестілеу I, II, III деңгейдегі - 50 тест сұрақтарынан, логикалық ойлауға арналған ситуациялық есептерден тұрады.

Олимпиаданың жазбаша кезеңі 80 минутқа созылады, үзіліссіз өткізіледі.

Абай облысы, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының білім басқармасы мен "Дарын" ғылыми-практикалық орталықтары облыс оқушыларына хабарлау және әдістемелік қолдауды қамтамасыз етеді.

Қатысушыларды тіркеу және жіберу өтінім негізінде жүзеге асырылады (Т. А. Ә., оқу орнының реттік саны мен атауы, облыс, қала, оқыту тілі, байланыс телефоны, е-mail - ге жіберіледі: admission@smu.edu.kz  (Олимпиада басталу уақытына дейін 7 күн бұрын).

 

Байланыс телефондары: 8 (72 22) 32-61-80; 8 778 008 57 56

"Семей медицина университеті" КеАҚ қабылдау комиссиясы

Электрондық почта: e-mail:  admission@smu.edu.kz  

 

 

 

 

СҰРАНЫС

Химиядан  қалалық олимпиадаға қатысуға

 

Өткізілетін күні: 27 сәуір 2024 жыл,  сағат 10:00-да

Өткізілетін орны: «Семей медицина университеті» КеАҚ, Абай көшесі, 103

 

Оқу орны мектеп, лицей, гимназия, колледж

 

№

п/п

Оқушының аты-жөні, телефон  номері

Сынып

Оқу тілі

Мұғалім аты-жөні,  телефон номері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         Олимпиадаға қатысушы оқушыға ұпай санымен және пән мұғалімдеріне оқушыны дайындағаны үшін сертификат беріледі.

 

 

          Мектеп директоры:  

 

Мөр орны

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
17 апреля 2024