МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ФИЗИКА ПӘНДЕРІНЕН Ж. БАЗЕНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ XV ҚАЛАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ФИЗИКА ПӘНДЕРІНЕН Ж. БАЗЕНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ XV ҚАЛАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ереже

Математика және физика бойынша Ж.Базенұлы атындағы оқушылардың XV қалалық олимпиадасын өткізу туралы ереже (бұдан әрі-Ереже) оқушылардың Республикалық олимпиадасын өткізудің ережелеріне сәйкес әзірленді.

1.1. Осы Ереже 7-8 сынып оқушылары үшін математика және физика бойынша олимпиаданың (бұдан әрі-Олимпиада) ұйымдастырылуының мақсаттары мен міндеттерін, өткізу тәртібін, қатысушыларды және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтауды қамтамасыз етеді.

1.2. Ұйымдастырушы - Семей қаласының білім бөлімі.

1.3. Олимпиаданың негізгі мақсаты 7-8 сыныптардың дарынды оқушыларын анықтау, қолдау және дамыту болып табылады.

1.4. Олимпиаданың негізгі міндеттері:

- математика және физика саласындағы дарынды оқушыларды анықтау үшін арнайы жағдайлар жасау;

- «Математика» және «Физика» пәндері бойынша Семей қаласының Олимпиадалық резервін құру.

- Оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін арттыру, математика және физика пәндері бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.

  1. II. Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті

2.1. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі - Ұйымдастыру комитеті) құрылады.

Ұйымдастыру комитеті:

- Олимпиаданы дайындау мен өткізуге тікелей басшылықты жүзеге асырады;

- Тапсырыстарды қабылдайды және олимпиадаға қатысу үшін қажетті материалдарды дайындайды;

- Қазылар алқасының құрады және бекітеді;

- Олимпиаданың өткізу формасын және нысанын айқындайды;

- Олимпиада қорытындыларын талдайды және жинақтайды;

- Олимпиаданың дайындық барысын, өткізілуін және нәтижелерін БАҚ-та жариялауды қамтамасыз етеді.

III. Олимпиадаға қатысушылар.

3.1. Олимпиадаға жалпы білім беретін мектептердің 7 және 8 сынып оқушылары қатысады.

3.2. Әр мектептен оқу тіліне қарамастан математикаға 7-сыныптан 1 оқушы,  8-сыныптан 1 оқушы және физикаға 7-сыныптан 1 оқушы, 8-сыныптан 1 оқушы қатыса алады.

  1. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі.

4.1. Олимпиаданы өткізу күні –  09 сәуір, тіркеу: 13.20-13.40 сағ. Олимпиаданың басталуы: 14.00 сағ. Өткізу орны: №16 ЖОББМ. Олимпиадаға қатысу үшін онлайн сілтеме бойынша қатысушылар тізімін 2024 жылдың 05 сәуіріне дейін толтыру қажет https://clck.ru/Fcow5 

4.2. Олимпиада қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі.

4.3. Олимпиада кезінде жеке жазбаларды, кез келген әдебиеттерді, оның ішінде электрондық түрдегі ақпаратты, электрондық ақпарат тасығыштарды, калькуляторларды, мобильді байланыс құралдарын пайдалануға тыйым салынады.

4.4. Олимпиада ережелерін бұзғаны үшін қатысушылар шеттетілуі мүмкін.

4.5. Математика және физика пәндерінен Олимпиада бір турда өткізіледі. Әр пән бойынша турдың ұзақтығы - 120 минут.

  1. Қорытынды және жеңімпаздарды марапаттау.

5.1. Олимпиаданың қорытындысы әр пән бойынша жеке шығарылады.

5.2. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.

5.3. Олимпиада нәтижелері Семей қаласының білім бөлімінің сайтында орналастырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
04 апреля 2024