Каникулдық мектебі
2024 жылғы 28 наурызда білім бөлімінің жоспарына сәйкес № 4 жалпы орта білім беретін мектебінде «Қорытынды аттестаттауға оқушыларды психологиялық қолдау» тақырыбында педагог-психологтерге арналған семинар-тренинг өтті. Іс-шара ашылу барысында білім бөлімінің әдіскері А.Сулейменованың алғы сөзі тыңдалды. Семинар барысында білім беру мекемелерінің педагог-психологтері Торсықбаева Г.Ж. (№16 Т.Аманов атындағы ЖОББМ), Шакиртова М.С. (№38 ЖОББМЛ), Базарова Э.Н. (№17 ЖОББМ), Нұрмұханбетова Б.Қ «№4 ЖОББМ) өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісті, практикалық жұмыстар ұйымдастырды. Қатысушылар семинарға белсене қатысты.
Семей қаласының білім бөлімі