Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№45 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директордың оқу- тәрбие ісі (ғылыми-әдістемелік) жөніндегі орынбасарының лауазымына (0,5 бірлік) конкурс жариялайды

Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№45 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директордың оқу- тәрбие ісі (ғылыми-әдістемелік) жөніндегі орынбасарының лауазымына (0,5 бірлік) конкурс жариялайды

 

Конкурс жарияланған лауазым атауы: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№45 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ  директордың оқу-тәрбие ісі (ғылыми-әдістемелік)  жөніндегі орынбасары (0,5 бірлік)

Конкурсты өткізу орны мен мерзімі: 071413, Абай облысы Семей қаласы Восточный левый массиві 268 А ғимараты.

Байланыс  телефоны: 87759758489

Электрондық  мекен-жайы: sosh45.kgu@bk.ru

Конкурсқа қатысуға өтінім  беру мерзімі және қабылдау орны:

Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№45 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№45 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ сайттарына конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жарияланған күннен бастап 15 жұмыс күнде 02.04.2024ж. – 22.04.2024ж. аралығында жүзеге асырылады.

 

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

  • жоғары педагогикалық білімі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс;
  • оқытушылық қызметін жүзеге асыру кезінде қосымша «педагог-сарапшы», «педагог зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілігінің болуы;
  • компьютерде жұмыс жасай білуі және құжаттарды даярлау бойынша бағдарламалық қамтамасыздық;
  • жаратылыстану- математика бағытында білімі бар, жұмыс жасай алатын маман;
  • екі тілді жақсы меңгерген ( қазақ және орыс тілі).
Дата публикации
01 апреля 2024