Қаникулдық мектебі
28.03.2024ж №4 мектеп қабырғасында география пәні мұғалімдер арасында қалалық әдістемелік семинар өтті. Тақырыбы: “Білім беру мақсаттарына жету үдерісінде мұғалімдердің кәсіптік дамуы”. Семинар барысында ұстаздар өздерінің іс тәжірибиесімен бөлісті. №20 мектеп мұғалімі Вострикова Анастасия Андреевна «Инструменты саморегуляции процесса обучения для учащихся старших классов на уроках географии» деген тақырыпта баяндама жасады. Әлихан Бөкейхан атындағы № 39 жалпы орта білім беретін мектептін мұғалімі Азимбаева Гульбаршын Ермековна «География сабағында жасанды интеллект бағдарламаларын қолдану»деген тақырыпта әдіс-тәсілдерімен бөлісті. «География пәнінің гуманитарлық пәндермен байланысы» деген тақырыпта Садвакасова Н.К. № 32 орта мектеп ұстазы баяндама жасады. "Особенности обучения на дому с применением электронных ресурсов на уроках географии" атты баяндама №25 мектептін география пәні мұғалімі Бужиева Гулназ Кубайдуллаевна жасады.« География сабақтарында мобильді қосымшалар мен интернет сервистерін қолдану арқылы оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыру» атты баяндамамен №19 орта мектеп ұстазы Иманбаева Гулжанат Кусмановна бөлісті. Ұстаздар пікір –ойларымен бөлісіп, педагогикалық шеберлік деңгейін арттырып, өздерінің кәсіби қарым-қатынасын кеңейтті.
Семей қалалық білім бөлімі