Каникулдық мектебі

Каникулдық мектебі

 

Семей қаласы білім бөлімінің 28.03.2024 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес "№4 ЖОББМ" КММ тарих пәні  мұғалімдеріне арналған "Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс" тақырыбында қалалық семинар болып өтті. Семинардың алғыс сөзін қалалық білім бөлімінің әдіскері Айтжамал Семейхановна семинардың мақсатымен таныстырып, алдағы болатын іс - шараларды айта отырып, семинардың жақсы өтуіне сәттілік тіледі. Семинар барысында қала мектептерінің пән мұғалімдері атап айтсақ "№44 ЖОББМ" КММ тарих пәнінің мұғалімі Сапанова Құндыз "Цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін үлгерімі төмен оқушылармен жұмыста тиімді қолдану" , №36 ЖОББМ" КММ тарих пәнінің мұғалімі Дюсекина Ләззат "Саралау тапсырмаларын оқу үдерісінде қолдана отырып, үлгерімі төмен оқушылардың білім сапасын арттыру" №39 ЖОББМ" тарих пәнінің мұғалімі Жақсыбаева Айнұр "Үлгерімі төмен оқушылдардың қызығушылығын арттыру үшін интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану” тақырыптарында өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті. Қалалық семинарға пән мұғаілмедері белсене қатысып, кері байланыс жасап, тақырып бойынша өз пікірлерін білдірді.

 

Семей қаласының білім бөлімі

 

Дата публикации
29 марта 2024