2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау»
XVIІ Республикалық математикалық олимпиадасы
Бастауыш сынып оқушыларының математикалық қабілеттері дамыған балаларды айқындау, қолдау және математикадан білімдерін тереңдету мақсатында 2024 жылғы 24-28 наурыз аралығында Алматы қаласында 2-4 сынып оқушылары арасында «Бастау» ХVIІ Республикалық математикалық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы, Республикалық физика-математика мектептері және Республикалық жеке меншік білім ұйымдарының қауымдастық мектептерінен 132 оқушы қатысты. Іс-шара үш айналым бойынша өткізілді: 1 айналым – «Әу баста!» (жазбаша командалық есеп), 2 айналым – «Көкпар» (ауызша командалық есеп), 3 айналым – «Математикалық бәйге» (ауызша-жекелей есеп).
Олимпиадаға Абай облысының командалары құрамында олимпиаданың облыстық кезеңінің Бас жүлде иегерлері – Семей қаласының оқушылары Гецель Ерхан (2 сынып, Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназия), Ерлан Раяна (3 сынып, Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназия), Құсманов Елназар (4 сынып, Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназия), Рахметов Мади (2 сынып, Н.Г.Чернышевский атындағы №1 ЖОББМ), Молдағали Байжан (3 сынып, №6 гимназия), Бургумбаева Айдана (4 сынып, №6 гимназия) қатысты.
«Математикалық бәйге» ауызша-жеке олимпиадасының қорытындысы бойынша Кусманов Елназар (4 сынып) І орынды жеңіп алды, Ерлан Раяна (3 сынып) – ІІ орын, Гецель Ерхан (2 сынып) – І орын, Бургумбаева Айдана (4 сынып) – ІІ место, Молдагали Байжан (3 сынып) – І орын, Рахметов Мади (2 сынып) ІІІ орынды иеленді.
Олимпиада қорытындысы бойынша командалық есепте Абай облысының оқыту орыс тіліндегі командасы ІІ жүлделі орынды жеңіп, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, оқыту қазақ тіліндегі команда ІІІ жүлделі орынды иеленіп, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Дарынды балалармен жүйелі және мақсатты түрде жұмыс жүргізетін №6 гимназияның бастауыш сынып мұғалімдері Ольга Александровна Четыркина, Ирина Александровна Борисова, Н.Г.Чернышевский атындағы №1 ЖОББМ мұғалімі Юлия Анатольевна Ткач, Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназияның бастауыш сынып мұғалімдері Гүлмира Қалыбекқызы Нұрғабиева, Умітнұр Курмангазиевна Чегебаева, Жұлдыз Сакеновна Қаспақпаеваларды атап өтуге болады.
Жеңімпаз бен жүлдегерлерді, олардың ата-аналары мен ұстаздарын құттықтаймыз!