Конкурс туралы хабарландыру
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласының білім бөлімінің "Қаныш Сәтбаев атындағы №2 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазақ/орыс тілді сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Мекеменің мекен-жайы: индекс 071408 Абай облысы, Семей Сәтбаев көшесі, 218, жұм.тел: 8/7222/502004, эл.пошта school_m_2@mail.ru
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген Біліктілік талаптары:
Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талаптар қоймай, тиісті бейін бойынша педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім;
және (немесе) біліктіліктің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл.