«Кіші мектеп жасындағы балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту» секция отырысы

 «Кіші мектеп жасындағы балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту» секция отырысы

Білім бөлімінің жоспары бойынша бастауыш сынып мұғалімдерінің «Кіші мектеп жасындағы балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту» тақырыбында қалалық секция отырысы өтті. Іс-шара барысында Қ.Сәтпаев атындағы №2 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімдері Зацепина Светлана Геннадьевна мен Чарикова Светлана Валерьевна «Бастауыш сынып оқушыларымен логикалық және комбинаторлық есептерді шешу: күрделі туралы» атты шебер-сыныбын өткізді. №6 гимназияның мұғалімі Баркова Альбина Викторовна қатысушыларды бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамыту жүйесімен таныстырды. Бикенова Анзира Муратовна (№28 ЖОББМ) логикалық есептерді шешудің әдіс-тәсілдері туралы айтып, тәжірибелік сабақ ұсынды. Михайловская Анастасия Евгеньевна (№40 ЖОББМ) кіші мектеп жасындағы балаларды дамыту үшін сабақ уақытында қолданылатын әдістер туралы ақпарат берді. Педагог Кунанбаева Тана Курмангалиевна (№43 ЖОББМ) авторлық ертегі негізінде бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауының дамуы туралы өз тәжірибесімен бөлісті. Кашникова Елена Васильевна, Ж.Аймауытов атындағы ЖОББМ мұғалімі, педагогтерге логикалық есептерді шешу жолдарын түсіндіріп өтті. Білім бөлімінің әдіскері Молдаханова Гаухар Аманжолқызы «Бастау», «Алтын сақа» бастауыш сынып оқушыларына арналған республикалық математикалық олимпиаданы өткізу ережелері туралы айтып, мұғалімдерге мектеп командаларын кіші мектеп жасындағы балалардың  олимпиадаларына жүйелі және сапалы дайындауды ұсынды. Секция жұмысының соңында қатысушылар отырыс тақырыбы бойынша әріптестерінің жұмыстары туралы пікірлерімен бөлісті және бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытуға тек сабақта ғана емес, сабақтан тыс уақытта да ерекше назар аудару қажеттілігі жөнінде ұсыныстар қабылдады.

Дата публикации
29 марта 2024