Семинар-практикум «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Ересек жастағы мектепке дейінгі балалардың сөйлеуін дамыту және көркем сөзге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеудің инновациялық технологиялары»

Семинар-практикум  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Ересек жастағы мектепке дейінгі балалардың сөйлеуін дамыту және көркем сөзге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеудің инновациялық технологиялары»

            Мектепалды даярлық тәрбиешілеріне «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Ересек жастағы мектепке дейінгі балалардың сөйлеуін дамыту және көркем сөзге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеудің инновациялық технологиялары»тақырыбында семинар-практикум өтті. Іс-шараның ашылу бөлімінде білім бөлімінің әдіскері Гаухар Молдаханованың сөзі тыңдалды. Ол семинардың мақсаты мен міндеттерін айтып,  қатысушыларды семинар өткізу бағдарламасымен  таныстырды. Аталмыш іс-шарада Иргизбаева Перизат Кадирбековна,  Шүлбі ЖОББМК мектепалды даярлық тәрбиешісі, мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамыту үшін қолданылатын инновациялық технологиялар туралы өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Белебаева Назым Дюсенгазыевна (№13 ЖОББМ), Масакбаева Алия Сабырхановна, Мусулманкулова Тогжан Казбековна (№27 ЖОББМ ), Садуева Аяулым Асемхановна (Қ.Рысқұлбеков атындағы №33 ЖОББМ) семинарға қатысушыларымен тәжірибелік сабақтар өткізді.  «2020-2025 жылдарға арналған «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  «Мектеп жасына дейінгі балаларды әдебиеттік  шығармалармен таныстыруда кіріктіру қағидасын жүзеге асыру» тақырыбы бойынша педагогтер Долгинцева Яна Васильевна, Адамзатова Кунсулу Оразбековна (№43 ЖОББМ) іс-тәжірибеден мазмұнды ақпарат ұсынды. Қ.Сәтпаев атындағы №2 ЖОББМ мектепалды даярлықтың тәрбиешілері Бургумбаева  Аида Муратовна, Артамонова Лариса Владимировна семинар тықырыбы бойынша шеберлік сыныбын өткізді. Іс-шараның соңында қатысушылар пікір алмасып, кері байланыс орнатты.

Дата публикации
29 марта 2024