Семинар-практикум «Кіші мектеп жасындағы балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту»
2024 жылғы 26 наурызда білім бөлімінің жоспарына сәйкес Каникулдық мектебі аясында «Кіші мектеп жасындағы балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту» тақырыбында семинар-практикум өтті. Бұл іс-шараға бастауыш сынып мұғалімдерінің мектепішілік әдістемелік бірлестік жетекшілері қатысты. Іс-шараны ашып, семинар өткізу бағдарламасымен білім бөлімінің әдіскері Гаухар Молдаханова таныстырды.Семинар-практикум барысында №36 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Қайырханова Бақытгүл Қайырханқызы бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамытудағы нейрожаттығулардың тиімділігі туралы айтып өтті. №17 ЖОББМ педагогтері Ахатова Зура Саматқызы, Сапакова Қаламқас Әнуарбекқызы кіші мектеп жасындағы балалардың логикалық ойлау мен есте сақтау қабілетін дамыту үшін ұлттық ойындарды қолдану жұмысын көрсетті. №44 мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері Берікболова Бақыт Тоқтаровна, Саменова Лаура Сейтахметовна «Логикалық ойындар арқылы бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ойларын дамыту» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Болатбергенова Маржан Қайратбекқызы мен Слямбекова Бейбітгүл Намазбековна (№45 ЖОББМ) бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс істеуде логикалық есептерді қолдану тәжірибесі туралы айтты. Семинар барысында қатысушылармен тәжірибелік жұмыс ұйымдастырылды.