"Семей қаласының білім бөлімі" ММ ағымдағы жылдың 26 ақпанда келген хат бойынша "Мансап және тұлғаның кәсіби - кадрлық әлеуетін дамыту инситуты" мекемесі "Еңбек адамы" ұлттық энциклопедиясы: ҚР білім беру саласының үздік қызметкерлері" жинағын шығаруды жоспарлап отырғанын хабарлайды. Бұл жинаққа мектепке дейінгі, негізгі және жалпы орта білім беретін ұйымдарындағы еңбек өтілі ең азы 20 жылды құрайтын үздік қызметкерлер енгізіледі. Энциклопедияға өтініш беру және жариялау, сондай - ақ жеңімпаздарды марапаттау ақысыз негізде жүзеге асырылады.