Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Мектеп жанындағы интернаты бар № 42 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Қосымша білім беру педагогі (білім беру ұйымдары жанындағы секциялар мен үйірмелер педагогі) ваканттық лауазымына конкурс жариялайды.
Конкурсты өткізу орны мен мерзімі: 15.02.2024 ж. - 26.02.2024 ж.
Абай облысы, Семей қаласы,
Әуезов даңғылы 112,
Байланыс телефоны: 8(7222) 32-78-58,
Электронды мекен-жайы: semey_sh42@mail.ru.
Конкурсқа өтінім беру мерзімі және қабылдау орны: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Мектеп жанындағы интернаты бар № 42 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00.-ден 17-ге дейін жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Мектеп жанындағы интернаты бар № 42 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ сайттарына конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жарияланған күннен бастап 7 күнтізбелік күнде жүзеге асырылады.