Қолайсыз ауа райы жағдайларында сабақтарды тоқтатуға ұсынылған көрсеткіштер
Семей қаласының климаттық жағдайларына байланысты білім беру ұйымдарында желдің жылдамдығы ескеріле отырып, келесі температуралық шекте сабақтардың тоқтатылуы ұсынылады:
Желдің жылдамдығы 2 м/сек. төмен кезде:
- минус 28 оС және одан төмен болғанда -1-4 сыныптарда
- минус 32 оС және одан төмен болғанда -5-9 сыныптарда
- минус 34 оС және одан төмен болғанда -10-11сыныптарда, колледждердің І және ІІ курстарының студенттеріне.
Желдің жылдамдығы 2 м/сек. жоғары кезде:
- минус 23 оС және одан төмен болғанда 1-4 сыныптарда;
- минус 27 оС және одан төмен болғанда 5-9 сыныптарда:
- минус 29 оС және одан төмен болғанда 10-11 сыныптарда, колледждердің І және ІІ курстарының студенттеріне.
Ашық ауада ауа температурасы минус 17 оС және одан төмен болған кезде мектеп оқушылары мен колледждердің студенттеріне сабақ өткізуге тиым салынсын.
Қолайсыз метеожағдай кезінде (көктайғақ, қарлы боран, күшті жел-Бофорт шкаласы бойынша, егер желдің жылдамдығы 10,8-13,8м/сек., 39 -49 км/сағ. жетсе) жалпы білім беретін мектептердің 1-11 сынып оқушыларына және колледждердің студенттеріне сабақ өткізуге тиым салынсын.
Көктайғақ, күшті ұйытқыған жел және қарлы боран кезінде сабақтарды тоқтату Семей қаласының төтенше жағдайлар бойынша басқармасының келісімімен жүргізілсін.