№3, 4, 40 мектеп басшыларына

Абай облысы білім басқармасының "Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі, Абай облысы білім басқармасының 2024 жылғы 06 қаңтардағы № 843 хаты негізінде хабарлайды:

Абай облсының санитариялық - эпидемиологиялық бақылау департаментінің  "Корпорация Ақшын" ЖШС сауда үйіндегі өртке байланысты тұрғындардың зиянды заттармен жіті уланудың алдын алу мақсатында, атмосфералық ауаға өлшеу жүргізілді.

Нәтижесінде, 71 квартал және 72 квартал аудандарында атмосфералық ауадағы күкіртті сутектің, күйенің және қалқыма заттардың шекті рұқсат етілген концентрациядан артуы тіркелді.

Осыған орай, аталған білім беру мекемелерінде  оқушылардың  өмірі және денсаулық кауіпсіздігін сақтау мақсатында оқу процесін қашықтық форматқа ауыстыру ұсынылады

Дата публикации
07 февраля 2024