Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
«№35 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Хореограф (оқыту қазақ және орыс тілінде)
бос лауазымдық орынға конкурс жариялайды.
Конкурс жарияланған лауазым атауы: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№35 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Хореограф (оқыту қазақ және орыс тілінде) бос лауазымдық орынға конкурс жариялайды.
Конкурсты өткізу орны мен мерзімі: Абай облысы, Семей қаласы, Селевина к-сі 24.
Байланыс телефоны:8 (7222)38 – 26 - 51
Электрондық мекен-жайы: sssh35@mail.ru
Конкурс қатысуға өтінім беру мерзімі және қабылдау орны: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№35 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№35 жалпы орта білім беретін мектебі» мемлекеттік мекемесінің сайтында конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жариялаған күннен бастап 7 күнтізбелік күнде 05.02.2024 ж. – 13.02.2024 ж. аралығында жүзеге асырылады, конкурсқа қабылданған құжаттарды қарау және қортынды шығару уақыты 2024 жылыдың 14 ақпан сағат 8.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті берушіден өтінішті қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:
Лауазымдық міндеттері:
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары және білім беру қызметін, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың басым бағыттарын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология негіздерін, еңбек заңнамасы;
педагогикалық этиканың нормалары;
тәрбие жұмысының әдістемесін, өнімді, сараланған, дамытушылық оқытудың заманауи педагогикалық технологиялары, құзыреттілік тәсілді іске асыру;
білім алушылармен, әртүрлі жастағы тәрбиеленушілермен, олардың ата-аналарымен (оларды алмастыратын адамдармен), педагогтармен байланыс орнату, жанжалды жағдайлардың себептерін диагностикалау, олардың алдын алу және шешу әдістері;
білім беру ұйымдарының ішкі еңбек тәртібінің қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидалары.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе тиісті бейін бойынша немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талаптар қойылмай, педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат;
және (немесе) біліктілігінің орта немесе жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі-кемінде 5 жыл;
Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог-модератор":
"педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
зерттеу, эксперименттік жұмыс дағдыларын пайдалануға;
жаңа әдістемелерді сынақтан өткізу бойынша жұмыс жүргізуге;
өңірлік (қалалық) көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың жеңімпаз балалар ұжымдарын басқаруға тиіс;
2) "педагог-сарапшы":
"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
зерттеу, эксперименттік жұмыс әдістерін қолдануға;
облыстық, республикалық конкурстардың, көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың жеңімпаз балалар ұжымдарын басқаруға;
педагогикалық басылымдарда әдістемелік жарияланымдарының болуы тиіс;
3) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
халықаралық, республикалық конкурстардың, көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың жеңімпаз балалар ұжымдарын басқаруға;
авторлық әдістемелік әзірлемелері болуы тиіс;
4) "педагог-шебер":
"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
халықаралық, республикалық конкурстардың, көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың жеңімпаз балалар ұжымдарын басқаруға;
авторлық әдістемелік әзірлемелері болуы;
облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-те мақұлданған әдістемелік материалдардың болуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 338 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 17 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5750 болып енгізілді.
Құжаттар тізімі:
Конкурсқа Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін және
осы Қағидалардың 118-тармағында көрсетілген тізім бойынша құжаттарды ұсынған педагогтер қатысады.
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама;
10) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік
санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялықдәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Осы Қағидалардың 118-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.
Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің
кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы. Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
Толық ақпарат алу үшін:
Абай облысы, Семей қаласы, Селевина көшесі,24.
Байланыс нөмірі: 8 (7222)38 – 26 - 51
Электрондық адрес: sssh35@mail.ru хабарласу керек
«Абай облысы Семей қаласы
білім бөлімі» ММ басшысының м.а.
Б.З.Булабаевқа
2023-2024 о.ж. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАРҒА СҰРАНЫС
|
№ |
Білім мекемесінің атауы |
Мекен-жайы |
Байланыс телефоны |
Қажеттілік /пән атауы/ |
Жүктеме |
Қойылатын талаптар |
Қажеттілік себептері |
|
1 |
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№35 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
|
Семей қаласы, Селевина көшесі,24. |
8 (7222) 38 – 26 - 51 |
Хореограф (оқыту қазақ және орыс тілінде)
|
1 бірлік жүктеме |
Еңбек өтілі 3 жылдан кем емес |
бос лауазымдық орынға конкурс жариялайды |
«№35 ЖОББМ» КММ директорының м.а.: Г.С.Мухаметханова