Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№10 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Семей қ., Ж. Карменов көшесі, 47 «А», т. 31-48-17, sh10kz@mail.ru.
Мемлекеттік білім беру ұйымының «Ағылшын тілі» пәні бойынша 1 бірлік (16 сағат) ваканттық қызметке байқау жарияланады, лауазымдық жалақысы педагогикалық өтілі мен біліктілік санатына байланысты 110 мың теңгеден жоғары.
Ағылшын тілі пәні мұғалімінің негізгі функционалдық міндеттері:
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және «құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасы негізінде оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
- білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;
- білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады. Қысқа мерзімді жоспарлар, бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын жасайды;
- электрондық журналдарды толтырады;
- білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді
- оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарын және кестеге сай оқу процесінің толық көлемде жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;
- әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;
- білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;
- ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады, ата-аналарға кеңес береді;
-кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін орындайды;
- білім беру процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді;
- ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
- жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын орындайды;
- білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді;
- тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;
- білім беру процесінің барлық субъектілерінің, оның ішінде балалар отбасының қатысуымен ұйымда «құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын енгізеді;
- білім алушылар, тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаларын бойына сіңіреді.
Ағылшын тілі пәні мұғалімінің біліктілігіне қойылатын талаптар:
- тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім;
- біліктіліктің жоғары және орта деңгейінің болуы (мүмкіндігінше);
- педагогикалық жұмыс өтілінің болуы (мүмкіндгінше).
- және (немесе) «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» кәсіби құзыреттіліктерінің бірі болуы тиіс.
Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1)педагог (жас мамандар үшін):
білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлай және ұйымдастыра білуі тиіс;
білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету, білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысуы;
білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыруы, кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеруі, цифрлық білім беру ресурстарын қолдануы;
2) педагог-модератор:
«педагог» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сай болуы керек, сондай-ақ:
оқытудың инновациялық нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдалану, білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтауы, білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушыларының болуы;
3) педагог-сарапшы:
«педагог-модератор» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сай болуы , сондай-ақ:
ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын меңгеруі керек;
тәлімгерлікті жүзеге асыруы және білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын сындарлы айқындауы керек;
аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтауы, аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары болу керек;
4) педагог-зерттеуші:
«педагог-сарапшы» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сай болуы, сондай-ақ:
Сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеруі;
білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуды қамтамасыз етуі;
тәлімгерлікті жүзеге асыру және аудан мен қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта даму стратегиясын сындарлы айқындауы;
облыстық/республикалық маңызы бар қалалар мен астанада, республикалық деңгейде тәжірибесін жинақтауы (республикалық ведомствоға бағынышты ұйымдар үшін);
облыстық/республикалық маңызы бар қалалар мен астана, республикалық деңгейдегі олимпиадаларда, конкурстарда, жарыстарда қатысушыларының болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);
5) педагог-шебер:
«педагог-зерттеуші» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
облыстық оқу-әдістемелік кеңесте немесе Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған, басылып шығарылған оқулықтарының, оқу-әдістемелік құралдарының авторы (автормен бірлескен) болуы;
ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз етуі;
тәлімгерлікті жүзеге асыруы және облыс деңгейіндегі кәсіби қоғамдастық желілерді дамытуды жоспарлауы;
республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болуы немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындауы керек.
Мұғалім білуі керек:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдары, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерін;
оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесін;
педагогика мен психологияны;
пәнді оқыту әдістемесін, Тәрбие жұмысын, Оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін;
оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптарды;
құқық негіздері және еңбекті, экономика негіздерін;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды, өртке қарсы қорғау жөніндегі ережелерді, санитарлық ережелер мен нормаларды білуі тиіс.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2023 жылдың 04 желтоқсанынан 2023 жылдың 12 желтоқсанына дейін.
Ж. Карменов көшесі, 47 «А» мекенжайы бойынша конкурстық іріктеуге қатысу үшін қағаз форматта құжаттар қабылдау бөлімінде қабылданады. Мектеп поштасына электронды форматта sh10kz@mail.ru.
Жұмыс тәртібі: дүйсенбіден жұмаға дейін (қоса алғанда), белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін. Түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Құжаттар тізімі:
1) нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш (нысан қоса беріледі);
2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; ;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы (нысан қоса беріледі).
|
Мемлекеттік білім беру |
|
Нысан |
|
____________________________ |
_______________________________________________________________
(үміткердің Т.А.Ә. (бар болса)), ЖСН
_______________________________________________________________
(лауазымы, жұмыс орны)
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Нақты тұрғылықты жері, тіркелген мекен-жайы, байланыс телефоны
Өтініш
Мені бос/уақытша бос лауазымдық конкурсқа қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын
(қажетінің астын сызыңыз)
_______________________________________________________________
білім беру ұйымының атауы, мекен-жайы (облыс, аудан, қала\ауыл)
Қазіргі уақытта жұмыс істеймін
_______________________________________________________________
білім беру ұйымының атауы, мекен-жайы (облыс, аудан, қала\ауыл)
Өзім туралы келесіні хабарлаймын:
Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейін
|
Оқу орнының атауы |
Оқыту кезеңі |
Диплом бойынша мамандық |
Біліктілік санатының болуы (беру (растау) күні):
_____________________________________________________________
Педагогикалық жұмыс өтілі: ____________________________________
Келесі жұмыс нәтижелері бар:___________________________________
Наградалары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса)
____________________________________________________________
Кандидаттардың құжаттарының біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес бағалау парағында көрсетілген балдарды есептеуді жүзеге асырады.
|
Мемлекеттік білім беру |
|
Нысан |
Бос немесе уақытша бос педагог лауазымына үміткердің бағалау парағы ___________________________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
|
№ |
Өлшемшарттар |
Растайтын құжат |
Балл сандары |
|
1. |
Білім деңгейі |
Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері |
Техникалық және кәсіби = 1 балл |
|
2. |
Ғылыми/академиялық дәрежесі |
Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері |
PHD-доктор = 10 балл |
|
3. |
Жұмыс өтілі жоқ үміткерлер үшін сертификаттау |
Сертификат |
"Педагог" Біліктілік санаты - 5 балл |
|
4. |
Біліктілік санаты |
Жеке куәлік, басқа құжат |
Екінші санат = 1 балл |
|
5. |
Әкімшілік және әдістемелік қызметтегі жұмыс тәжірибесі |
Еңбек кітапшасы/еңбек қызметін растайтын басқа да құжат |
Әдіскер (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 1 балл |
|
6. |
Алғаш рет жұмысқа тұрған педагогтер үшін |
Білімі туралы дипломның қосымшасы |
Педагогикалық/ кәсіби тәжірибенің нәтижелері "өте жақсы" = 1 балл |
|
7. |
Бұрынғы жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) немесе оқу орнынан ұсыныс хат |
Ұсыныс хат (Конкурсты өз бетінше жариялаған білім беру ұйымы соңғы жұмыс/оқу орны бойынша ұйымға/оқу мекемесіне өтініш жасайды) |
Оң ұсыныс хатының болуы = 3 балл |
|
8. |
Кәсіби жетістіктерінің көрсеткіштері |
- дипломдар, білім алушылардың олимпиадалар және конкурстар, ғылыми жобалар бойынша жеңімпаздардың грамоталары; |
1) олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздары = 0,5 балл |
|
9. |
Әдістемелік қызметі |
-авторлық шығармалары, басылымдары |
ҚР БҒМ тізбесіне енген оқулықтар мен (немесе) ОӘК авторы немесе бірлескен авторы = 5 балл |
|
10. |
Қоғамдық-педагогикалық қызметі |
Қоғамдық-педагогикалық қызметін растайтын құжат |
тәлімгер = 0,5 балл |
|
11. |
Курсқа дайындық |
- пәндік дайындық сертификаттары; |
ПШО, НЗМ, "Өрлеу" курстары |
|
12. |
Мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының түлегі, "Дипломмен ауылға!", "Серпін" мемлекеттік бағдарламаларының қатысушысы, Жұмыспен қамту орталығы жастар тәжірибесі бойынша жіберілген педагог |
Мемлекеттік білім беру гранты иегерінің сертификаты, келісім-шарты |
3 балл қосылады |
|
Барлығы: |
|||