«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарих пәнінің мұғалімі декреттік бос орнына конкурс жариялайды.

Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімінің

«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарих пәнінің мұғалімі

декреттік бос орнына конкурс жариялайды.

   Семей қ.,  Торайғыров көшесі, 121А, т. 56-34-78, semey.sh16@mail.ru

 

«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» "тарих" пәні бойынша 14 сағат жүктемесімен ваканттық қызметке қазақ тілінде оқытатын мектепке байқау жариялайды, лауазымдық жалақысы педагогикалық өтілі мен біліктілік санатына байланысты.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2023 жылдың 31 қазанынан 2023 жылдың 08 қарашаға дейін.

Торайғыров көшесі, 121А мекенжайы бойынша конкурстық іріктеуге қатысу үшін қағаз форматта құжаттар қабылдау бөлімінде қабылданады. Мектеп поштасына электронды форматта semey.sh16@mail.ru

Жұмыс тәртібі: дүйсенбіден жұмаға дейін (қоса алғанда), белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін. Түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

Лауазымдық міндеттері:  

  1. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады.

2.Оқушылардың жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға, тұлғаның әлеуметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

3.Оқушылардың жеке қабілеттерін, мүдделері мен икемділіктерін, олардың отбасылық, тұрмыстық жағдайларын зерделейді.

4.Оқушыларды мемлекеттік білім беру стандартында қарастырылған білім, білік және дағдылармен қамтамасыз етеді.

5.Оқушыларды жоғары адамгершілік, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелейді.

6.Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне және басқа да әдістемелік іс-шараларға, өз білімін жетілдіру мақсатында мектепте, қалада өтетін семинарларға қатысуға міндетті.

7.Оқытудың әртүрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін қолданады.

8.Жылдық жоспар негізінде пәннің күнделікті сабақ жоспарларын құрады.

9.Кесте бойынша сабақ жүргізеді, ашық сабақ өткізеді.

10.Оқушылардың сабаққа тұрақты қатысуын қадағалайды. Оқушы сабаққа келмей қалған

жағдайда, сынып жетекшісіне хабарлайды.

11.Оқушыларда пәніне сәйкес дәптерінің болуын, дұрыс толтырылуын қадағалайды.

12.Журналды тақырыптық-күнтізбелік жоспарға сай уақытылы толтырады.

13.Оқушыларға қорытынды баға қояды.

14.Электрондық журналға бағаны күніне және пәніне сәйкес қояды.

15.Тәжірибе алмасу мақсатында өзара сабаққа қатысады.

16.Үлгерімі төмен оқушыларға, білім сайыстарына қатысатын оқушыларға қосымша

сабақтар жүргізеді.

17.Мектеп аумағында және мектептен тыс оқушыларымен, ата-аналарымен,

әріптестерімен әдеп нормаларын сақтайды.

18.Еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі ережелерінің

орындалуына жауапты болып, келесі шараларды жүзеге асырады:

  1. a) Оқыту үрдісінде балалардың денсаулығы мен өмірлерін сақтау үшін қажетті жағдай

жасайды.

ә) Оқу бағдарламасын техника қауіпсіздігін ескере отырып, өткізеді.

б) Зардап шеккенге дәрігерге дейінгі көмек көрсету шараларын өткізіп, басшылыққа

жазатайым оқиға туралы дереу хабарлайды.

в) Оқушыларға сабақта қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы түсініктеме жүргізеді.

19.Сабақ басталардан 15 минут бұрын келіп, оқушыларды қарсы алады.

20.Кәсіби біліктілігін жүйелі арттыруды жүзеге асырады.

21.Мектептің ішкі еңбек тәртібі туралы ережесіне бағынады.

  1. Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады.

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 24 қарашада № 25349 болып тіркелді.

 

"Тарих" мұғалімінің біліктілігіне қойылатын талаптар:

- тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім;

- педагогикалық жұмыс өтілінің болуы (мумкіндігінше)

-  «педагог» және (немесе) "педагог-модератор", "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" кәсіби құзыреттіліктерінің бірі болуы тиіс.

 

Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

  • педагог (жас мамандар үшін):

 білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлай және ұйымдастыра білуі тиіс;

білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету, білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысуы;

білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыруы, кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеруі, цифрлық білім беру ресурстарын қолдануы;

2) педагог-модератор:

 "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сай болуы керек, сондай-ақ:

 оқытудың инновациялық нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдалану, білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтауы, білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушыларының болуы;

      3) педагог-сарапшы:

 "педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сай болуы , сондай-ақ:

 ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын меңгеруі керек;

тәлімгерлікті жүзеге асыруы және білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын сындарлы айқындауы керек;

аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтауы, аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары болу керек;

4) педагог-зерттеуші:

"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сай болуы, сондай-ақ:

Сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеруі;

білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуды қамтамасыз етуі;

тәлімгерлікті жүзеге асыру және аудан мен қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта даму стратегиясын сындарлы айқындауы;

облыстық/республикалық маңызы бар қалалар мен астанада, республикалық деңгейде тәжірибесін жинақтауы (республикалық ведомствоға бағынышты ұйымдар үшін);

облыстық/республикалық маңызы бар қалалар мен  астана, республикалық  деңгейдегі олимпиадаларда, конкурстарда, жарыстарда қатысушыларының болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);

педагог-шебер:

      "педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

облыстық оқу-әдістемелік кеңесте немесе Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған, басылып шығарылған оқулықтарының, оқу-әдістемелік құралдарының авторы (автормен бірлескен) болуы;

ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз етуі;

тәлімгерлікті жүзеге асыруы және облыс деңгейіндегі кәсіби қоғамдастық желілерді дамытуды жоспарлауы;

республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болуы немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындауы керек.

Мұғалім білуі керек:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдары, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерін;

оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесін;

педагогика мен психологияны;

пәнді оқыту әдістемесін, Тәрбие жұмысын, Оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін;

оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптарды;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды, өртке қарсы қорғау жөніндегі ережелерді, санитарлық ережелер мен нормаларды білуі тиіс.

 

Құжаттар тізімі:

1) нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш (нысан қоса беріледі);

2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; ;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы (нысан қоса беріледі).

11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

 

  Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

      Осы Қағидалардың  107-тармағында  көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.

          Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің

кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы. Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

 

Толық ақпарат алу үшін:

Абай облысы, Семей қаласы, Торайғыров көшесі 121А

Байланыс нөмірі: 56-34-78

Электрондық  адрес: semey.sh16@mail.ru

 

 

 

Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау,
лауазымнан босату
қағидаларына
10-қосымша

 

Нысан

 

____________________________
конкурс жариялаған мемлекеттік
орган

__________________________________________________________________

       кандидаттың Т.А.Ә. (болған жағдайда), ЖСН

       _______________________________________________________________

       (лауазымы, жұмыс орны)

       _______________________________________________________________

       _______________________________________________________________

      нақты тұратын жері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефоны

 Өтініш

      Мені бос/уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа жіберуіңізді сұраймын (керегінің астын сызу керек)

       _______________________________________________________________

       білім беру ұйымдарының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала / ауыл)

       Қазіргі уақытта жұмыс істеймін

       _______________________________________________________________

      лауазымы, ұйымның атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала / ауыл)

      Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:

      Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі

Оқу орнының атауы

Оқу кезеңі

Диплом бойынша мамандығы

 

 

 

 

 

 

      Біліктілік санатының болуы (берген (растаған) күні):____________________________
       Педагогикалық жұмыс өтілі:________________________________________________
       Келесі жұмыс нәтижелерім бар:_____________________________________________
       Наградалары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтері (болған жағдайда)
      _______________________________________________________________

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау,
лауазымнан босату
қағидаларына
11-қосымша

 

Нысан

 Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың бағалау парағы ____________________________________________________________  (Т.Ә.А. (болған жағдайда))

№

Өлшемшарттар

Растайтын құжат

Балл саны

(1-ден 20-ға дейін)

1.

Білім деңгейі

Білімі туралы диплом

Техникалық және кәсіптік = 1

Жоғары күндізгі = 5

жоғары сырттай / қашықтықтан оқыту = 2

жоғары білім туралы үздік диплом = 7

2.

Ғылыми / академиялық дәрежесі

Білімі туралы диплом

Магистр немесе жоғары білімі бар маман = 5

PHD-докторы = 10

Ғылым докторы = 10

Ғылым кандидаты = 10

 

 

Ұлттық біліктілік тестілеуі

Сертификат

"Педагог" біліктілік санатымен

Мазмұны бойынша:

50-ден 60-қа дейін = 0 балл

60-тан 70-ке дейін = 2 балл

70-тен 80-ге дейін = 5 балл

80-нен 90-ға дейін = 6 балл

Әдістеме және педагогика бойынша:

30-дан 40-қа дейін = 0 балл

40-тан 50-ге дейін = 1 балл

50-ден 60-қа дейін = 2 балл

60-тан 70-ке дейін = 3 балл

"Педагог-модератор" біліктілік санатымен

Мазмұны бойынша:

50-ден 60 балға дейін = 0 балл

60-тан 70 балға дейін = 3 балл

70-тен 80 балға дейін=6 балл

80-ден 90 балға дейін=7 балл

Әдістеме және педагогика бойынша:

30-дан 40 балға дейін=0 балл

40-тан 50 балға дейін=2 балл

50-ден 60 балға дейін=3 балл

60-тан 70 балға дейін=4 балл

"Педагог-сарапшы" біліктілік санатымен

Мазмұны бойынша:

50-ден 60 балға дейін=0 балл

60-тан 70 балға дейін=4 балл

70-тен 80 балға дейін=7 балл

80-нен 90 балға дейін=8 балл

Әдістеме және педагогика бойынша:

30-дан 40 балға дейін=0 балл

40-тан 50 балға дейін=3 балл

50-ден 60 балға дейін=4 балл

60-тан 70 балға дейін=5 балл

"Педагог-зерттеуші" біліктілік санатымен

Мазмұны бойынша:

50-ден 60 балға дейін=0 балл

60-тан 70 балға дейін- 5 балл

70-тен 80 балға дейін=8 балл

80-нен 90 балға дейін=9 балл

Әдістеме және педагогика бойынша:

30-дан 40 балға дейін=0 балл

40 - тан 50 балға дейін=4 балл

50-ден 60 балға дейін=5 балл

60-тан 70 балға дейін=6 балл

"Педагог-шебер" біліктілік санатымен - 10 балл

3.

Біліктілігі/Санаты.

Куәлік, өзге де құжат

2 санат-1 балл

1 санат -2 балл

Жоғары санатты-3 балл

Педагог-модератор-3 балл

Педагог-сарапшы = 5 балл

Педагог- зерттеуші = 7 балл

Педагог-шебер = 10 балл

4.

Педагогикалық қызмет өтілі

еңбек кітапшасы / еңбек қызметін алмастыратын құжат

1 жылдан 3 жылға дейін = 1

3 жылдан 5 жылға дейін = 1,5

5 жылдан 10 жылға дейін = 2

10 жылдан және одан артық = 3

5.

Әкімшілік және әдістемелік қызмет тәжірибесі

еңбек кітапшасы / еңбек қызметін алмастыратын құжат

әдіскер= 1 балл

директор орынбасары= 3 балл

директор = 5 балл

6.

Жұмысқа алғаш кіріскен педагогтар үшін

Білім туралы дипломға қосымша

Педагогикалық/кәсіптік практика нәтижелері

"өте жақсы" = 1 балл

"жақсы" = 0,5 балл

7.

Алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныс хат (еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде)

 Хат

Оң ұсыныс хаттың болуы = 3 балл

Ұсыныс хат болмаған жағдайда – минус 3 балл

Теріс ұсыныс хаттың болуы = минус 5 балл

8.

Кәсіби жетістіктердің көрсеткіштері

- білім алушылардың дипломдары, олимпиадалар мен конкурстар жеңімпаздарының грамоталары, ғылыми жобалары;

- мұғалімдер мен олимпиадалар жеңімпаздарының дипломдары, грамоталары;

- мемлекеттік награда

олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері-0,5 балл

ғылыми жобалар-1 балл

олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері-3 балл

"Үздік педагог" конкурсының қатысушысы-1 балл

"Үздік педагог" конкурсының жүлдегері – 5 балл

медаль "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" - 10

9.

Әдістемелік қызмет

- авторлық жұмыстар және жарияланымдар

ҚР БҒМ тізбесіне енгізілген оқулықтардың және (немесе) ОӘК авторы немесе тең авторы – 5 балл

РОӘК – 2 тізбесіне енгізілген оқулықтардың және (немесе) ОӘК авторы немесе тең авторы

БҒССҚЕК, Scopus – 3 тізбесіне енгізілген ғылыми-зерттеу қызметі бойынша жарияланымның болуы

10

Қоғамдық-педагогикалық қызмет

- көшбасшылық

- көптілділікті жүзеге асыру

тәлімгер-0,5 балл

ӘБ жетекшілігі -1 балл

кәсіби-педагогикалық қауымдастық көшбасшысы – 1 балл

2 тілде оқыту, орыс/қазақ – 2 балл

Шетел/орыс, шетел/қазақ – 3 балл

3 тілде оқыту (қазақ, орыс, шетел) – 5 балл

11

Курстық дайындық

- пәндік дайындық сертификаттары;

- цифрлық сауаттылық сертификаты,

ҚАЗТЕСТ,

 IELTS;

 TOEFL;

DELF;

Goethe Zertifikat, "Python-да бағдарламалау негіздері", "Microsoft-пен жұмыс істеуді оқыту" бағдарламалары бойынша оқыту

НЗМ ПШО, "Өрлеу" курстары

– 0,5 балл

курстар - 0,5 балл (әрқайсысы жеке)

Барлығы:

Максималды балл – 83

         

 

бос орын
Дата публикации
30 октября 2023