«№ 4 жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі  директорының  тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының бос орнына конкурс жариялайды

 

Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің

«№ 4 жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі  директорының  тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының бос орнына конкурс жариялайды

 

   Семей қ.,  Байсеитов көшесі  55, т. 52-03-81,  gusosh4@mail.ru

 

Конкурс жарияланған лауазым атауы: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы  білім бөлімінің «№ 4 жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына конкурс жариялайды.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2023 жылдың 24 қазанынан 2023 жылдың 2 қарашасына дейін.

            Байсеитов көшесі 55, мекенжайы бойынша конкурстық іріктеуге қатысу үшін қағаз форматта құжаттар қабылдау бөлімінде қабылданады. Мектеп поштасы  электронды форматта gusosh4@mail.ru

Жұмыс тәртібі: дүйсенбіден жұмаға дейін (қоса алғанда), белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін. Түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

         Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;                                                                                           және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы

 Лауазымдық міндеттері:

директорының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары келесі лауазымдық міндеттерді орындайды:

  1. Мектеп Жарғысына сәйкес 1-11 сыныптарда оқытудың тиімді технологиясын меңгеруде мұғалімдерге басшылық жасау және әдістемелік көмек көрсету
  2. Әдістемелік кеңес, әдістемелік бірлестік, кафедра меңгерушілерінің жұмыстарына басшылық жасау және әдістемелік көмек көрсету
  3. Мұғалімдер арасында семинарлар, конференциялар, кәсіби байқаулар ұйымдастыру, мұғалімдердің өз білімін көтеру жұмыстары, мұғалімдердің аттестация жұмысын жүргізу,

 мұғалімдердің өзара сабаққа қатысуын бақылау, басшылық жасау;

  1. Мектеп бойынша дарынды оқушыларды анықтап, қабілеттерін дамыту жұмыстарын ұйымдастыру, басшылық жасау;
  2. Сабақтан тыс шаралардың жүргізілуіне (пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар, пән апталықтары, ашық сабақтар) басшылық жасау, қадағалау және әдістемелік көмек көрсету
  3. Пән мұғалімдері арасында рейтингілік мониторинг жүргізу;
  4. 5-11 сыныптардың оқу кабинеттерінің әдістемелік талапқа сай болуын бақылау, басшылық жасау;
  5. Оқу жоспарының инвариантты және вариативті оқу жүктемелеріндегі 5-11 сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі пәні бойынша орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының орындалуына бақылау, басшылық жасау және пән бойынша оқу кабинетінің талапқа сай болуын қадағалау;
  6. Тіл Заңының орындалуын бақылау;
  7. Сабақты зерттеу топтарының жұмысын ұйымдастыру, мұғалімдердің кәсіби дамуын басшылықта ұстау;
  8. Іс-тәжірибеден өтетін машықкерлер жұмысын ұйымдастыру, бақылау жасау.
  9. Оқу-әдістемелік базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз ету, ғылыми, оқу-әдістемелік жұмыстардың жай-күйін ұйымдастыру, талдау, эксперименттік жұмыстардың нәтижесін қорытындылау.
  10. Қашықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, мұғалімдерге бейнесабақтарды әзірлеуде әдістемелік көмек ұйымдастыру.

- оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді, оқу-тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасын жүйелі түрде бақылайды

  -оқу-тәрбие процесінің сапасына, үйірмелердің, мектептен тыс іс-шаралардың өткізілуіне жүйелі бақылауды жүзеге асырады; 

- сыныптан және мектептен тыс іс-шараларға, үйірмелер мен секциялар сабақтарына қатысады;

- Пән бірлестіктерінің жоспарлары мен бағдарламаларын орындау бойынша мұғалімдер мен басқа да педагогикалық қызметкерлердің жұмысын үйлестіреді;

- үйірмелерде білім алушылар контингентін сақтау бойынша шаралар қабылдайды, жалпы мектептік ата-аналар жиналысының жұмысын ұйымдастырады және өткізеді;

- педагогикалық кадрларды іріктеу мен орналастыруға қатысады, олардың біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыруды ұйымдастырады, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына басшылық жасайды, өзінің біліктілігін арттырады;

-еңбекті қорғау нормалары мен ережелеріне қатаң сәйкестікте білім алушылардың оқу-тәрбие жұмысын, ерікті қоғамдық пайдалы еңбегін ұйымдастырады;

-кітапхананы оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен, журналдармен және газеттермен толықтыру шараларын қолданады;

-сынып жетекшілеріне, даярлық сыныптарының тәрбиешілеріне, үйірмелерге, спорт секцияларына, экскурсияларға, еңбек бірлестіктеріне, қоғамдық пайдалы, өнімді еңбекке және т. б., оның ішінде білім алушылардың еңбегін қорғауды қамтамасыз ету, жарақаттанудың және басқа да жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетеді;

-оқу-тәрбие процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді, мектептің педагогикалық кеңесінің жұмысына қатысады;

-оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік –психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар жұртшылығының, қамқоршылық Кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді, ата-аналар комитетінің, қамқоршылық Кеңесінің жұмысын ұйымдастыруға жауап береді (мектеп-ата-ана қатынастарының жаңа нысандарын, мектеп пен отбасының толық өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді);

-жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен бірлесіп кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізеді,

-ата-аналар үшін педагогикалық консилиумдар өткізеді, ата-аналар үшін ағарту жұмыстарын ұйымдастырады, тәрбие процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша ата-аналарды (оларды алмастыратын адамдарды) қабылдайды;

-оқу-тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;

-білім алушылардың, педагогтердің конкурстарға,   конференцияларға қатысуын қамтамасыз етеді.

-мектеп оқушыларына арналған ережелер мен Жарғының сақталуын бақылайды; оқушылардың мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтауын бақылайды;

- өзінің қызметтік міндеттеріне сәйкес мектепке бұйрықтар мен нұсқаулықтардың жобаларын әзірлейді.

-кезекші әкімшіліктің  міндеттерін орындайды;

-оқу-тәрбие жұмысы мәселелері бойынша есеп жасайды;

-білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастырады.

 білім беру ұйымын цифрландыру, ақпараттандыру, оны ресурстық қамтамасыз ету процесін іске асыруды ұйымдастырады, оқыту процесінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды енгізеді және пайдаланады, білім беру және басқару қызметінде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша сыртқы ұйымдармен байланыс орнатады;

           оқу процесінде, сондай-ақ қашықтықтан оқыту кезінде ақпараттандыру жүйесін пайдалану бойынша жұмысты үйлестіреді;

      ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша педагогтерді оқытуды ұйымдастырады;

      ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы әдістемелік, зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік және инновациялық жұмыс жүйесін ұйымдастырады және жоспарлайды;

      білім беру ұйымдарында процестерді цифрландыруды қамтамасыз етеді;

      оқу-материалдық базаны қамтамасыз ету, сақтау және жетілдіру,

      санитариялық-гигиеналық режим, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      белгіленген есептік құжаттаманың уақтылы жасалуын қамтамасыз етеді;

      білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

 

Білуге тиіс:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді,педагогика мен психология негіздерін,

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін,

      менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды,

      еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.

       Құжаттар тізімі:

Конкурсқа педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін және осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген тізім бойынша құжаттарды ұсынған педагогтер қатысады .

1.Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

 1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.

      11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

      12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

      13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.

Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Мемлекеттік білім беру

ұйымдарының бірінші

басшылары мен педагогтерін

лауазымға тағайындау,

лауазымнан босату

қағидаларына

10-қосымша

Нысан

         ____________________________

конкурс жариялаған мемлекеттік

орган

___________________________________________________________________

 

      кандидаттың Т.А.Ә. (болған жағдайда), ЖСН

      ___________________________________________________________________

 

      (лауазымы, жұмыс орны)

      _________________________________________________________________

     ____________________________________________________________________

 

      Нақты тұратын жері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефоны

 

Өтініш

      Мені бос/уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа жіберуіңізді сұраймын (керегінің астын сызу керек)

    ____________________________________________________________________

 

      білім беру ұйымдарының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала / ауыл)

      Қазіргі уақытта жұмыс істеймін

    ____________________________________________________________________

      лауазымы, ұйымның атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала / ауыл)

 

      Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:

      Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі

Оқу орнының атауы

 

Оқу кезеңі

 

Диплом бойынша мамандығы

 

 

 

 

Біліктілік санатының болуы (берген (растаған) күні):_________________________

      Педагогикалық жұмыс өтілі:___________________________________________

      Келесі жұмыс нәтижелерім бар:_______________________________________

      Наградалары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтері (болған жағдайда)

  _____________________________________________________________________

 

Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау,
лауазымнан босату
Қағидаларына
11-қосымша

Бос немесе уақытша бос педагог лауазымына үміткердің бағалау парағы ___________________________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

№

Өлшемшарттар

Растайтын құжат

Балл сандары
(1-ден 20-ға дейін)

1.

Білім деңгейі

Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері

Техникалық және кәсіби = 1 балл
Жоғары күндізгі = 2 балл
Жоғары күндізгі үздік= 3 балл
Магистр = 5 балл
Жоғары сыртқы/қашықтан = минус 2 балл

2.

Ғылыми/академиялық дәрежесі

Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері

PHD-доктор = 10 балл
Ғылыми доктор = 10 балл
Ғылыми кандидат = 10 балл

3.

Жұмыс өтілі жоқ үміткерлер үшін сертификаттау

Сертификат

"Педагог" Біліктілік санаты - 5 балл

4.

Біліктілік санаты

Жеке куәлік, басқа құжат

Екінші санат = 1 балл
Бірінші санат = 2 балл
Жоғары санат = 3 балл
Педагог-модератор = 3 балл
Педагог-сарапшы = 5 балл
Педагог-зерттеуші = 7 балл
Педагог-шебер = 10 балл

5.

Әкімшілік және әдістемелік қызметтегі жұмыс тәжірибесі

Еңбек кітапшасы/еңбек қызметін растайтын басқа да құжат

Әдіскер (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 1 балл
Директордың орынбасары (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 3 балл
директор (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 5 балл

6.

Алғаш рет жұмысқа тұрған педагогтер үшін

Білімі туралы дипломның қосымшасы

Педагогикалық/ кәсіби тәжірибенің нәтижелері "өте жақсы" = 1 балл
"жақсы" = 0,5 балл

7.

Бұрынғы жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) немесе оқу орнынан ұсыныс хат

Ұсыныс хат (Конкурсты өз бетінше жариялаған білім беру ұйымы соңғы жұмыс/оқу орны бойынша ұйымға/оқу мекемесіне өтініш жасайды)

Оң ұсыныс хатының болуы = 3 балл
Теріс ұсыныс хатының болуы = минус 3 балл

8.

Кәсіби жетістіктерінің көрсеткіштері

- дипломдар, білім алушылардың олимпиадалар және конкурстар, ғылыми жобалар бойынша жеңімпаздардың грамоталары;
- дипломдар, мұғалімнің олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздарының грамоталары;
- мемлекеттік награда

1) олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздары = 0,5 балл
ғылыми жобалардың = 1 балл
2) олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздары - 3 балл "Үздік педагог" конкурсына қатысушы = 1 балл
"Үздік педагог" конкурсының жеңімпазы = 5 балл
"Қазақстан еңбек сіңірген ұстазы" медаль иегері = 10 балл

9.

Әдістемелік қызметі

-авторлық шығармалары, басылымдары

ҚР БҒМ тізбесіне енген оқулықтар мен (немесе) ОӘК авторы немесе бірлескен авторы = 5 балл
РОӘК тізбесіне енген оқулықтар мен (немесе) ОӘК авторы немесе бірлескен авторы = 2 балл
БҒССҚЕК, Scopus тізбесіне енгізілген ғылыми-зерттеу қызметі бойынша жарияланымның болуы - 3 балл

10.

Қоғамдық-педагогикалық қызметі

Қоғамдық-педагогикалық қызметін растайтын құжат

тәлімгер = 0,5 балл
ӘБ басшылығы = 2 балл
Екі тілде сабақ беру, орыс/қазақ = 2 балл
шетел/орыс немесе шетел/қазақ = 3 балл,
үш тілде сабақ беру (қазақ, орыс, шетел) = 5 балл

11.

Курсқа дайындық

- пәндік дайындық сертификаттары;
- цифрлық сауаттылық,
КАЗТЕСТ,
IELTS;
TOEFL;
DELF сертификаттары;
Goethe Zertifikat, "Python тілінде бағдарламалау негіздері" программалары бойынша оқыту, "Microsoft"
Курсера жұмыстарына оқыту
Халықаралық курстар:
TEFL Cambridge
"CELTA
(Certificate in Teaching English to Speakers of Other Languages)"
CELT-P (Certificate in English Language Teaching – Primary)
DELTA (Diploma in Teaching English to Speakers of Other Languages)
CELT-S (Certificate in English Language Teaching – Secondary)
"TKT
Teaching Knowledge Test"
Certificate in EMI Skills (English as a Medium of Instruction)
Teacher of English to Speakers of Other Languages (TESOL)
"TESOL"
Certificate in teaching English for young learners
International House Certificate in Teaching English as a Foreign Language (IHC)
IHCYLT - International House Certificate In Teaching Young Learners and Teenagers
Becoming a Better Teacher: Exploring Professional Development
Assessment for Learning: Formative Assessment in Science and Maths Teaching
Online Teaching for Educators: Development and Delivery
Educational Management
Key Ideas in Mentoring Mathematics Teachers
Курсы на платформе Coursera, Futute learn
Teaching Mathematics with Technology
Special Educational Needs
"Developing expertise in teaching chemistry "

ПШО, НЗМ, "Өрлеу" курстары
= 0,5 балл
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығына сәйкес тізбеге енгізілген біліктілікті арттыру ұйымдары іске асыратын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30068 болып тіркелген)
= 0,5 балл (әрқайсысы бойынша жеке)

12.

Мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының түлегі, "Дипломмен ауылға!", "Серпін" мемлекеттік бағдарламаларының қатысушысы, Жұмыспен қамту орталығы жастар тәжірибесі бойынша жіберілген педагог

Мемлекеттік білім беру гранты иегерінің сертификаты, келісім-шарты

3 балл қосылады

Барлығы:

   

 

 

 

бос орын
Дата публикации
23 октября 2023