Білім бөлімінің
2023 ж ________
№ _______бұйрығына
1 қосымша
«Менің аймағымның мақтанышы» қалалық байқауын
қашықтан өткізу ережелері
1.Жалпы ережелер
- Жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Менің аймағымның мақтанышы» қалалық байқауын (бұдан әрі – Байқау) қашықтан өткізу ережелері оның мақсатын, міндеттерін және тәртібін анықтайды.
- Байқаудың мақсаты: балалармен жастарда азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау.
Байқаудың міндеттері:
- Балаларды туған өлкенің тарихи, мәдени және рухани мұрасына, кіші Отанын зерттеуге тарту;
- Балалардың белсенді іс-әрекетін табиғатты саналы түсінуге және балалардың табиғат әлеміне танымдық қызығушылығын дамытуға бағыттау;
- Балалардың шығармашылық және көркем қиялын дамыту, дарынды балаларды анықтау және қолдау.
- Байқауды Семей қаласының білім бөлімінің тәрбие секторы өткізеді.
2.Байқауды өткізу мерзімі мен тәртібі
- Бірінші кезең - аудандық және қалалық, мерзімдері:
12.09.2023 - 9.10.2023 ж.
Екінші кезең - облыстық деңгей, мерзімдері:
16.10.23 - 20.10.2023 ж.
- Облыстық кезеңге әр ауданнан барлық 4 номинация бойынша жұмыстар қабылданады:
а) Семей қаласынан 32 жұмыс (әр номинация бойынша 8 жұмыс),
- Қалалық кезеңге өтінімдерді байқау жұмыстарымен бірге 2023 жылдың 6 қазанына дейін vobrazovanye@mail.ru электронды поштасына қабылданады.
- 2023 жылғы 6 қазанда сағ.18.00-ден кейін түскен, сондай-ақ, талаптарға сәйкес келмейтін Байқау жұмыстары қарастырылмайды.
- Байқауға қатысу үшін vobrazovanye@mail.ru электронды поштасына келесі құжаттарды жіберу қажет:
- Қосымшаға сәйкес үлгі бойынша өтінім;
- Электронды түрде байқау жұмыстарын жіберу.
3.Байқау талаптары
- Байқауға жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 12-17 жастағы жас санаттары бойынша білім алушылар қатысады.
- Байқау келесі номинациялар бойынша жүргізіледі:
- «Жаз-2023» үздік жорық номинациясы.
Байқауға екі санаттағы презентациялар ұсынылады және бөлек бағаланады, команда тек бір санатқа қатысады:
а) Көпкүндік (категориялық);
- b) Демалыс күнгі жорық.
презентация 20 слайдтан аспауы керек және бөлек маршрут картасы болуы тиіс:
1 слайд- автор, жұмыс атауы, оқу орны.
2 слайд-жорықтың мақсаты.
Жалпы слайдтар - фотосуреттер, жер бедерінің сипаттамасы және маршрут сызбасы.
Соңғы слайдтар - жорық туралы әсер, жорыққа қатысушылардың тізімі және жалпы фотосуреті, жорық нәтижелері. Маршруттық парақ белгіленген барлық аялдамалар және тоқтаулармен бастапқы нүктеден соңғы нүктеге дейінгі координаттарды топографиялық картамен қоса беріледі.
Бағалау критерийлері:
- фотосуреттердің сапасы;
- сауатты маршруттық парақ; (2-қосымша)
- маршруттың сипаттамасы (көрікті жерлер, тарихи орындар, табиғи нысандар және т. б.) (1 қатысушы немесе команда атауы).
- «Мектеп мұражайының үздік экспозициясы» номинациясына – бейне презентация немесе бейнеролик. Мектеп мұражайының бір немесе бірнеше экспонатының тарихы. Қатысушылар - облыстың сертификатталған мектеп мұражайлары, сертификатталмаған мектеп мұражайларының жұмысына барлық бөлімдермен (әрі қарай сертификаттау үшін) өздерінің мектеп мұражайының презентациясын ұсына отырып рұқсат етіледі. Оқушылар (мұражай кеңесінің мүшелері) номинацияны ұсынады.(1 қатысушы). Бейнематериалдың қазақ немесе орыс тілдерінде сапалы дыбысталуы, AVI, MPEG форматтарындағы бейнесі болуы тиіс. Формат 16:9. Өтінімде youtube арнасына сілтеме жіберіледі. (1 қатысушы)
3.«Менің аймағымның айтыскері» номинациясына – сіздің аймағыңызда тұратын қызықты, әйгілі айтыскерлер туралы қазақ және орыс тілдерінде презентациялар қабылданады. Мазмұны - айтыскердің өмірбаяны мен шығармашылық жолы (15 слайдтан аспауы тиіс). Автордың айтыскермен фотосуреті. (1 қатысушы)
Талаптар: слайдтар тізбегі: кіріспе (реферат), негізгі бөлім (өмірбаян, жетістіктер, марапаттар), қорытынды бөлім (автордың өзін жалпылау). Жұмыс бірыңғай дизайнда - номинацияның тиісті тақырыбында орындалуы керек.
4.«Eko-Bolashak»номинациясына - абаттандыру, көгалдандыру, өткізілген экологиялық акциялар, мектеп орманшылықтары бойынша атқарылған экологиялық жұмыстар туралы бейнероликтің презентациясы (1 қатысушы). Презентация - 5 минутқа дейін, AVI, MPEG, WMV форматтарында. Формат 16:9. Өтінімде youtube арнасына сілтеме жіберіледі.
Байқау жұмыстарын бағалау өлшемдері:
- байқаудың тақырыбы мен номинациясына сәйкестігі;
- жұмыстың сапалы және шебер орындалуы;
- шығармашылық деңгейдің автордың жас ерекшелігіне сәйкестігі;
- шығармашылық идея және тақырыпты ашудың толықтығы.
- Байқау жұмысының титул парағында мыналар көрсетіледі:
- аудан(қала), ауылы;
- білім беру ұйымының атауы;
- байқаудың және номинацияның аталуы;
- автордың аты-жөні;
- қатысушының жасы;
- e-mail, байланыс мәліметтері;
- жетекшісінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
- жетекшісінің лауазымы және жұмыс орны.
- Бөгде адамдардың материалдарын және Интернет желісінен алынған материалдарды пайдалануға тыйым салынады. Байқау жұмыстары бұрын басқа сайтта жарияланбаған болуы тиіс.
Байқауға бұрын қатыспаған жаңа туындылар қабылданады.
4. Байқауды қорытындылау
- Байқаудың қорытындысы бойынша әділ қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды.
- Байқау жеңімпаздары I, II, III дәрежелердегі дипломдармен марапатталады, орын алмаған қатысушыларға сертификаттар беріледі.
Анықтама телефондары: 87079061601- Ғабдұлқайым Мерей Қанағатұлы.
Ережеге қосымша
Қатысушы өтінімі
|
Қатысушының тегі, аты, жасы
|
Аудан, қала (ауыл), мекен-жайы,ұялы телефоны,
электронды поштасы
|
Білім беру ұйымы
(аталуы) немесе үйде оқыту
|
Байқаудың,
номинациясы,
жұмыстың
аталуы
|
Педагогтің
немесе ата-ананың Т.А.Ә.(толық),Лауызымы және жұмыс орны ұялы телефоны,электронды
поштасы)
|
Ресурстарға
сілтеме
|
|
«Жаз-2023» үздік жорық номинациясы А немесе В
|
|
|
|
|
|
|
|
|
«Мектеп мұражайының үздік экспозициясы» номинациясы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
«Менің аймағымның айтыскері» номинациясы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
«Eko-Bolashak»номинациясы
|
|
|
|
|
|
|
|
Қосымша 2. Маршруттық жорықтың үлгісі.
Маршруттық парақ.