Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымына конкурс

       Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің "№26 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымына конкурс жариялайды.

         Конкурс жариялаған лауазым атауы: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің "№26 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасар орын қызметіне. Конкурсты өткізу орны мен мерзімі: 071411, Абай облысы, Семей қаласы, 1 Шағын аудан 15 "А". Байланыс телефоны: 8(7222)50-18-26. Электрондық мекен-жайы: sosh_26@mail.ru. Конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі және қабылдау орны: "№26 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ. Конкурсқа қажетті өтінім "Enbek.kz" сайтында, Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің сайтында конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жарияланған күннен бастап 7 күнтізбелік күнде жүзеге асырылады (құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептелінеді).

       Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

  • Жоғарғы педагогикалық білім;
  • 5 жыл немесе одан да көп педагогикалық тәжірибесі бар;
  • кәсіби құзыреттіліктердің біріне ие болу: «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер».

       Көрсетілетін қызметті берушіден өтінішті қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, сейсенбіден бастап, бейсенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес 29.08.2023-07.09.23 жылға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-14.00-ге дейін.

директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымына конкурс
Дата публикации
29 августа 2023