«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»  КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары бос орнына конкурс жариялайды.

 Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»  КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары бос орнына конкурс жариялайды.

Конкурс жарияланған лауазым атауы: Мемлекеттік білім беру ұйымына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  лауазымына байқау жарияланады.

Конкурс өткізу орны мен мерзімі: Абай облысы, Семей қаласы, индекс 071400, Торайғыров көшесі 121А

Байланыс телефоны: 8 (7222)56-34-78

Электрондық мекен-жайы: semey.sh16@mail.ru

Конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі және қабылдау орны: Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»  КММ.

Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім «Enbek.kz» сайтында, Абай облысы білім басқармасының  «Семей қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сайтында конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жарияланған күннен бастап мекемесінің сайтында конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күнде жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті берушіден өтінішті қабылдау ҚР Еңбек заңнамасына сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден-18.00-ге дейін жүзеге асырылады. Түскі үзіліс: 13.00-ден-14.00-ге дейін.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі және (немесе) техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

            Білім беру ұйымының «үшінші біліктілік санатты басшысы орынбасарының» немесе «екінші біліктілік санатты басшысы орынбасарының» немесе «бірінші біліктілік санатты басшысы орынбасарының» немесе «педагог-сарапшы» немесе «педагог-зерттеуші» немесе «педагог-шебер» біліктілі санатының болуы.

 Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2023жылдың 01 шілдеден 24 шілдеге  дейін. Құжаттар конкурстық іріктеуге қатысу үшін қағаз форматта құжаттар Торайғыров 121А мекен-жайындағы қабылдау бөлмесінде және мектептің почтасына электронды форматта semey.sh16@mail.ru қабылданады.

Лауазымдық міндеттері:

- оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді, оқу-тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасын жүйелі түрде бақылайды және «Жас Сарбаз» клубының жұмысын ұйымдастырады;

 -білім алушылармен сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмысын ағымдағы және келешекке арналған жоспарлауды және оны өткізуді ұйымдастырады;

-тәрбие процесінің сапасына, үйірмелердің, мектептен тыс іс-шаралардың өткізілуіне жүйелі бақылауды жүзеге асырады; 

-сыныптан және мектептен тыс іс-шараларға, үйірмелер мен секциялар сабақтарына қатысады;

- эстетикалық цикл және дене шынықтыру тәрбие жоспарлары мен бағдарламаларын орындау бойынша мұғалімдер мен басқа да педагогикалық қызметкерлердің жұмысын үйлестіреді;

- үйірмелерде білім алушылар контингентін сақтау бойынша шаралар қабылдайды, жалпы мектептік ата-аналар жиналысының жұмысын ұйымдастырады және өткізеді;

 -сыныптық ата-аналар жиналысының жұмысын бақылайды;

 - педагогикалық кадрларды іріктеу мен орналастыруға қатысады, олардың біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыруды ұйымдастырады, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына басшылық жасайды, өзінің біліктілігін арттырады;

- сынып жетекшілерінің, тәрбиешілердің, басқа да тікелей бағынысты қызметкерлердің білім алушылардың тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өздеріне жүктелген міндеттерді орындауын қамтамасыз етеді;

-еңбекті қорғау нормалары мен ережелеріне қатаң сәйкестікте білім алушылардың тәрбие жұмысын, ерікті қоғамдық пайдалы еңбегін ұйымдастырады;

-кітапхананы оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен, журналдармен және газеттермен толықтыру шараларын қолданады;

-сынып жетекшілеріне, топ жетекшілеріне, үйірмелерге, спорт секцияларына,

экскурсияларға, еңбек бірлестіктеріне, қоғамдық пайдалы, өнімді еңбекке және т. б., оның ішінде білім алушылардың еңбегін қорғауды қамтамасыз ету, жарақаттанудың және басқа да жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетеді;

-білім алушылармен және олардың ата-аналарымен (оларды алмастыратын тұлғалармен) жарақаттанудың, жол-көлік оқиғаларының, көшеде, суда және т.б.болатын жазатайым оқиғалардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады; ата-аналарды білім алушылармен тәрбие жұмысын жүргізуге тартуды ұйымдастырады, тәрбие берудің кешенді жүйесін құруға жәрдемдеседі;

-мектептен тыс тәрбие бойынша бірлескен қызмет үшін мектептің балаларға қосымша білім беру мекемелерімен, басқа да ұйымдармен байланысын орнатады және қолдайды;

-педагогтың қоғамдық жағдайына сәйкес мектепте, тұрмыста, қоғамдық орындарда мінез-құлықтың этикалық нормаларын сақтайды;

-мерзімді тегін медициналық тексеруден өтеді:

-мектеп бойынша мұғалімдер мен әкімшіліктің кезекшілігін жүзеге асырады және ұйымдастырады;

-тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша қажетті құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етеді;

-тәрбие процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді, мектептің педагогикалық кеңесінің жұмысына қатысады;

-тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік –психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар жұртшылығының, қамқоршылық Кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді, ата-аналар комитетінің, қамқоршылық Кеңесінің жұмысын ұйымдастыруға жауап береді (мектеп-ата-ана қатынастарының жаңа нысандарын, мектеп пен отбасының толық өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді);

-білім алушылармен тәрбие жұмысын жүргізуге ата-аналарды тартуды ұйымдастырады, тәрбиенің кешенді жүйесін құруға жәрдемдеседі;

-білім беру процесінің барлық қатысушыларының толерантты мінез-құлық мәдениетін қамтамасыз етеді;

-жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен бірлесіп кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізеді,

-ата-аналар үшін педагогикалық консилиумдар өткізеді, ата-аналар үшін ағарту жұмыстарын ұйымдастырады, тәрбие процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша ата-аналарды (оларды алмастыратын адамдарды) қабылдайды;

-тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;

білім алушылардың, педагогтердің конкурстарға,   конференцияларға қатысуын қамтамасыз етеді.

мектептің "Құндылықтарға негізделген білім"тұжырымдамасын әзірлейді;

- мектеп ұжымының қатысуымен білім беруде құндылыққа негізделген тәсілді енгізеді

-Қызмет ететін қоғам», «Туған жерге тағзым», «Үлкенге құрмет», «Анаға құрмет» қоғамдық пайдалы жұмыстарды ұйымдастырады.

-педагогикалық еңбек ардагерлерімен өзара жұмыстар  жүргізеді.

- кибермәдениет пен кибергигиенаны дамытады.

-мектеп оқушыларына арналған ережелер мен Жарғының сақталуын бақылайды; оқушылардың мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтауын бақылайды;

-білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауды жүзеге асырады;

- өзінің қызметтік міндеттеріне сәйкес мектепке бұйрықтар мен нұсқаулықтардың жобаларын әзірлейді.

-кезекші әкімшіліктің  міндеттерін орындайды;

-тәрбие жұмысы мәселелері бойынша есеп жасайды;

-мектеп сайтының, Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінің жұмысына жауап береді;

-білім беру процесінің барлық субъектілерінің, оның ішінде балалар отбасының қатысуымен ұйымда "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын енгізеді;

-білім алушылардың бойында патриоттық тәрбие, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, тамақтану мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

-білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастырады.

Білуге тиіс:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді,педагогика мен психология негіздерін,

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін,

      менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды,

      еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.

       Құжаттар тізімі:

Конкурсқа педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін және осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген тізім бойынша құжаттарды ұсынған педагогтер қатысады .

1.Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

      1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

  1. 11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.

Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

Ақпараттың дәлдігі үшін:

Мекен жайы: Семей қаласы, Торайғырова 121А көшесі.

Байланыс телефоны: 8 (7222)56-34-78

Электрондық мекенжайы: semey.sh16@mail.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының

Бірінші басшылары мен педагогтерін

лауазымға тағайындау,лауазымнан

босату қағидаларына

10-қосымша

            Нысан

            ____________________________

                                                                                                  конкурс жариялаған мемлекеттік орган

___________________________________________________________________

 

      кандидаттың Т.А.Ә. (болған жағдайда), ЖСН

      ___________________________________________________________________

 

      (лауазымы, жұмыс орны)

      _________________________________________________________________

     ____________________________________________________________________

 

      Нақты тұратын жері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефоны

 

Өтініш

      Мені бос/уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа жіберуіңізді сұраймын (керегінің астын сызу керек)

    ____________________________________________________________________

 

      білім беру ұйымдарының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала / ауыл)

      Қазіргі уақытта жұмыс істеймін

    ____________________________________________________________________

      лауазымы, ұйымның атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала / ауыл)

 

      Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:

      Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі

Оқу орнының атауы

 

Оқу кезеңі

 

Диплом бойынша мамандығы

 

 

 

 

Біліктілік санатының болуы (берген (растаған) күні):_________________________

      Педагогикалық жұмыс өтілі:___________________________________________

      Келесі жұмыс нәтижелерім бар:_______________________________________

      Наградалары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтері (болған жағдайда)

  _____________________________________________________________________

Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау,
лауазымнан босату
қағидаларына
11-қосымша

 

 

Нысан

Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың бағалау парағы ____________________________________________________________ (Т.Ә.А. (болған жағдайда))

№

Өлшемшарттар

Растайтын құжат

Балл саны
(1-ден 20-ға дейін)

1.

Білім деңгейі

Білімі туралы диплом

Техникалық және кәсіптік = 1
Жоғары күндізгі = 5
жоғары сырттай / қашықтықтан оқыту = 2
жоғары білім туралы үздік диплом = 7

2.

Ғылыми / академиялық дәрежесі

Білімі туралы диплом

Магистр немесе жоғары білімі бар маман = 5
PHD-докторы = 10
Ғылым докторы = 10
Ғылым кандидаты = 10

 

Ұлттық біліктілік тестілеуі

Сертификат

"Педагог" біліктілік санатымен
Мазмұны бойынша:
50-ден 60-қа дейін = 0 балл
60-тан 70-ке дейін = 2 балл
70-тен 80-ге дейін = 5 балл
80-нен 90-ға дейін = 6 балл
Әдістеме және педагогика бойынша:
30-дан 40-қа дейін = 0 балл
40-тан 50-ге дейін = 1 балл
50-ден 60-қа дейін = 2 балл
60-тан 70-ке дейін = 3 балл
"Педагог-модератор" біліктілік санатымен
Мазмұны бойынша:
50-ден 60 балға дейін = 0 балл
60-тан 70 балға дейін = 3 балл
70-тен 80 балға дейін=6 балл
80-ден 90 балға дейін=7 балл
Әдістеме және педагогика бойынша:
30-дан 40 балға дейін=0 балл
40-тан 50 балға дейін=2 балл
50-ден 60 балға дейін=3 балл
60-тан 70 балға дейін=4 балл
"Педагог-сарапшы" біліктілік санатымен
Мазмұны бойынша:
50-ден 60 балға дейін=0 балл
60-тан 70 балға дейін=4 балл
70-тен 80 балға дейін=7 балл
80-нен 90 балға дейін=8 балл
Әдістеме және педагогика бойынша:
30-дан 40 балға дейін=0 балл
40-тан 50 балға дейін=3 балл
50-ден 60 балға дейін=4 балл
60-тан 70 балға дейін=5 балл
"Педагог-зерттеуші" біліктілік санатымен
Мазмұны бойынша:
50-ден 60 балға дейін=0 балл
60-тан 70 балға дейін- 5 балл
70-тен 80 балға дейін=8 балл
80-нен 90 балға дейін=9 балл
Әдістеме және педагогика бойынша:
30-дан 40 балға дейін=0 балл
40 - тан 50 балға дейін=4 балл
50-ден 60 балға дейін=5 балл
60-тан 70 балға дейін=6 балл
"Педагог-шебер" біліктілік санатымен - 10 балл

3.

Біліктілігі/Санаты.

Куәлік, өзге де құжат

2 санат-1 балл
1 санат -2 балл
Жоғары санатты-3 балл
Педагог-модератор-3 балл
Педагог-сарапшы = 5 балл
Педагог- зерттеуші = 7 балл
Педагог-шебер = 10 балл

4.

Педагогикалық қызмет өтілі

еңбек кітапшасы / еңбек қызметін алмастыратын құжат

1 жылдан 3 жылға дейін = 1
3 жылдан 5 жылға дейін = 1,5
5 жылдан 10 жылға дейін = 2
10 жылдан және одан артық = 3

5.

Әкімшілік және әдістемелік қызмет тәжірибесі

еңбек кітапшасы / еңбек қызметін алмастыратын құжат

әдіскер= 1 балл
директор орынбасары= 3 балл
директор = 5 балл

6.

Жұмысқа алғаш кіріскен педагогтар үшін

Білім туралы дипломға қосымша

Педагогикалық/кәсіптік практика нәтижелері
"өте жақсы" = 1 балл
"жақсы" = 0,5 балл

7.

Алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныс хат (еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде)

Хат

Оң ұсыныс хаттың болуы = 3 балл
Ұсыныс хат болмаған жағдайда – минус 3 балл
Теріс ұсыныс хаттың болуы = минус 5 балл

8.

Кәсіби жетістіктердің көрсеткіштері

- білім алушылардың дипломдары, олимпиадалар мен конкурстар жеңімпаздарының грамоталары, ғылыми жобалары;
- мұғалімдер мен олимпиадалар жеңімпаздарының дипломдары, грамоталары;
- мемлекеттік награда

олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері-0,5 балл
ғылыми жобалар-1 балл
олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері-3 балл
"Үздік педагог" конкурсының қатысушысы-1 балл
"Үздік педагог" конкурсының жүлдегері – 5 балл
медаль "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" - 10

9.

Әдістемелік қызмет

- авторлық жұмыстар және жарияланымдар

ҚР БҒМ тізбесіне енгізілген оқулықтардың және (немесе) ОӘК авторы немесе тең авторы – 5 балл
РОӘК – 2 тізбесіне енгізілген оқулықтардың және (немесе) ОӘК авторы немесе тең авторы
БҒССҚЕК, Scopus – 3 тізбесіне енгізілген ғылыми-зерттеу қызметі бойынша жарияланымның болуы

10

Қоғамдық-педагогикалық қызмет

- көшбасшылық
- көптілділікті жүзеге асыру

тәлімгер-0,5 балл
ӘБ жетекшілігі -1 балл
кәсіби-педагогикалық қауымдастық көшбасшысы – 1 балл
2 тілде оқыту, орыс/қазақ – 2 балл
Шетел/орыс, шетел/қазақ – 3 балл
3 тілде оқыту (қазақ, орыс, шетел) – 5 балл

11

Курстық дайындық

- пәндік дайындық сертификаттары;
- цифрлық сауаттылық сертификаты,
ҚАЗТЕСТ,IELTS;
TOEFL;DELF;
Goethe Zertifikat, "Python-да бағдарламалау негіздері", "Microsoft-пен жұмыс істеуді оқыту" бағдарламалары бойынша оқыту

НЗМ ПШО, "Өрлеу" курстары
– 0,5 балл
курстар - 0,5 балл (әрқайсысы жеке)

Барлығы:

Максималды балл – 83Жүктеу

 

 

 

Вакансия
Дата публикации
02 июля 2023