"Қазақстан - бақытты балалық мекені !" Каникул кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын тиімді, қызықты ұйымдастыру мақсатында "N36 жалпы орта білім беретін мектебі"КММ теңгеріміндегі қала сыртындағы "Жас Қанат" жазғы сауықтыру лагерінің 1 ауысымы өз жұмысын бастады. Лагерімізде N16, 44, Знаменка, Абралы, Ибраев, Бегалина мектептерінің 80 оқушысы демалуда. Демалушыларымыздың алдағы күндеріне сәттілік!