Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
« Әлихан Бөкейхан атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының әкімшілік - шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары лауазымдық қызметіне конкурс жариялайды.
Конкурс жарияланған лауазымның атауы: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің « Әлихан Бөкейхан атындағы № 39 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының әкімшілік - шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары.
Орналасқан жері: индекс 071412, Абай облысы Семей қаласы,
Физкультурная, 11
Байланыс номері: 8 (7222) 38-26-56
Электрондық пошталық мекен-жай: school3939@bk.ru
Конкурсқа қатысуға өтінімдер беру мерзімі: конкурсқа қатысуға қажетті өтінім «Enbek.kz сайтында, Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің « Әлихан Бөкейхан атындағы № 39 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ сайттарына конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жариялаған күннен бастап 15 күнтізбелік күнде жүзеге асырылады (19.05.2023ж. - 08.06.2023ж.)
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:
Лауазымдық міндеттері: Ғимараттың, құрал-жабдықтардың және мектеп мүлкінің сақталуын қамтамасыз етеді. Ғимараттың ағымдық жөндеу жұмыстарын қамтамсыз етіп, оқу мен жұмыс істеуге қолайлы жағдай туғызып, санитарлық-гигиеналық, жылу, жарық және өртке қарсы қауіпсіздік тәртібін қамтамасыз етеді.
Су құбырлары, кәріз жүйесі, жылу жүйесінің жұмыс жағдайын қадағалайды. Уақытында және жыл сайын мектептегі материалдық құндылықтар инвентарын жүргізеді. Мектеп аумағының, бектілген көшелердің абаттандырылуын және тазалығын, қоқыстың уақытында шығарылуын қамтамасыз етеді. Мектеп аумағының жарықтандырылуына бақылау жасайды. Еңбекті қорғау және ТҚ бойынша кіші қызмет көрсету персоналдарымен іс-шаралардың орындалуын, құжаттардың болуын қамтамасыз етеді. Жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша кіші қызмет көрсету персоналдарымен қажетті нұсқаулықтар мен семинарлар өткізеді. Мектептің жаңа оқу жылына, күзгі маусымға, жылу жүйесін жуып тазартуға уақтылы даярлығын қамтамасыз етеді.
Қажетті техникалық құжаттардың, коммуналдық қызмет түрлерін жеткізушілермен келісімшарттардың, кіші қызмет көрсету персоналдарымен бұйрықтарының болуын, мектептің шаруашылық қызметін қамтамасыз етеді. Коммуналдық қызметтерге көрсетілетін қаржылық қаражаттардың төленуіне талдау жасайды, тұтынылған коммуналдық қызмет көлемінің нақты есебін жүргізеді. Мектептің өртке қарсы жағдайына жауап береді. Кіші қызмет көрсету персоналдарына лауазымдық нұсқаулықтарын жасайды, оларды орындауына бақылау жасайды. Кіші қызмет көрсету персоналдарымен жұмыс уақытының табелін жүргізеді. Мектептің техникалық тәртіп жағдайында пайда болған шұғыл жағдаяттармен директорды хабардар етеді, оларды жоюда шаралар қабылдайды. Қаржылық жыл шығындарының сметасын құрастыруға қатысады. Мектептегі медициналық кабинеттің жағдайына жауап береді. Санитариялық нормалар мен ережелерге сәйкес мектептің оқу кабинеттерінің жағдайына, мүліктердің сақталуына, олардың жарықтандырылуына тұрақты бақылау жасайды. Мектеп бойынша мемлекеттік сатып алулар жүргізеді. Тікелей қадағаланатын мәселелер бойынша бұйрықтардың жобаларын құрастырады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсынады.
Азаматтық қызметке, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарына басқару функцияларын орындаумен байланысты лауазымға тұру кезінде адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.
Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
Ақпараттың дәлдігі үшін:
Мекенжай: Абай облысы Семей қаласы, Физкультурная, 11
Байланыс телефоны: 8 (7222) 38-26-56
Электрондық мекенжай school3939@bk.ru