Мектеп директорларына. ІІІ Облыстық «Кәмен оқулары» байқауы

БЕКІТЕМІН:

                            «Абай облысының білім басқармасы» ММ

                                               «Дарындылық пен қосымша білім беруді

                                               дамытудың облыстық  ғылыми-әдістемелік   

                                               «Дарын» орталығы директорының м.а.

                                                      С.С Оспанова _________________________

«________»   __________________________________

 

 

Жалпы білім беретін ұйымдардың оқушылары арасында

ІІІОблыстық  «Кәмен оқулары» байқауының  өткізілу

Е Р Е Ж Е С І

 

І. Жалпы ереже

         Осы ереже жалпы білім беретін ұйымдары оқушыларының арасында өткізілетін  ІІІоблыстық  «Кәмен оқуларының» (бұдан әрі – Кәмен оқулары) мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қызметін, өткізу мен қаржыландыру тәртібін, қатысуын және жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау тәртібін айқындайды.

  1. Конкурстың ұйымдастырушылары Абай облысының білім басқармасы, Абай ауданының әкімшілігі (келісім бойынша),аудандық білім бөлімі.
  2. Кәмен оқуларының мақсаты: жазушының өмірі меншығармашылығын, қазақ әдебиеті әлеміне қосқан рухани мол мұрасын зерттеу, абайтану, мұхтартану ғылымдарына сіңірген еңбегін насихаттау, ел арасынан әдебиетке бейім, дарынды жастарды анықтау, оларға қолдау көрсету, көркем әдебиет оқуды насихаттау.

 

ІІ. Кәмен оқуларының қатысушылары

 

  1. Кәмен оқуларына оқыту тіліне қарамастан, мемлекеттік және

мемлекеттік емес жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сыныптарынан әдебиетке бейім, қабілетті оқушылар арасынан (әр ауданнан2 қатысушыдан)2 үміткер қатысады:  І, ІІ бөлімдер бойынша бір үміткер, ІІІ бөлім бойынша бір үміткер.

 

ІІІ. Кәмен оқуларын ұйымдастыру және өткізу тәртібі

 

  1. Кәмен оқулары үш бөлім бойынша өткізіледі:

І бөлім: «Әдебиет – қоғамның айнасы»

Байқауға қатысушы жазушы К.Оразалиннің «Жексен» («Солдат

махаббаты») повесінен немесе эпикалық шығармаларынан (романдары: «Ақ жазық», «Көктем салқыны», «Абайдан соң» І, ІІ, ІІІ, ІV томдар, «Абайдан соңғы арыстар» І, ІІ, ІІІ томдар) алынған үзіндіні мәнерлеп жатқа айтады. Үзіндіні мәнерлеп жатқа айтуға берілетін уақыт 3-5 минут.

          Бірінші бөлімге қойылатын талаптар:

  • Шығарманың мазмұнын түсініп, жатқа айту;
  • Шығарма текстологиясының сақталуы;
  • Орындау шеберлігі, сахна мәдениеті.

 

ІІ бөлім: «Абай ауылына саяхат»

             Байқауға қатысушы жазушы К.Оразалиннің «Абай ауылына саяхат» кітабы бойынша Абай, Шәкәрім, Мұхтарға қатысты (экран арқылы көрсетілетін тарихи жерлер мен суреттерге байланысты қойылатын) сұрақтарға жауап беруі керек; кітап желісімен баяндалатын тарихи оқиғаларды кеңінен айтып жеткізуі тиіс. Берілетін уақыт қойылатын сұрақтарға байланысты болады.

Екінші бөлімге қойылатын талаптар:

  • шығарма желісін білу деңгейі;
  • көркем тілмен жеткізе білуі;
  • тарихи орындар туралы түсінігі;
  • сахна мәдениеті.

              ІІІ бөлім: «Жазушы Кәмен Оразалиннің шығармашылығы»

               Байқауға қатысушы жазушы К.Оразалиннің шығармашылық жолының ерекшеліктері туралы ғылыми зерттеу жобасын ұсынады. Байқау комиссиясының алдында зерттеу жобасын слайд арқылы қорғайды. Жоба қорғауға берілетін уақыт  - 7 минут.

              Үшінші бөлімге қойылатын талаптар:

  • жазушы шығармаларының мазмұнын ашу;
  • жобаның көркемдік дәрежесі ( идеясы, әдеби тілде жазылуы, стильдік ерекшеліктері);
  • жобаның орындалу шеберлігі;
  • сахна мәдениеті.
  1. Кәмен оқуларын өткізу барысын қадағалау және ұйымдастыру

жұмысының дайындығын іске асыру үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.

  1. Ұйымдастыру комитеті Кәмен оқуларының қорытынды кезеңін өткізілу

орнын белгілеп, дайындық жұмыстарын жүргізуге тікелей басшылық етеді, қазылар алқасының құрамын, іс-шараның өткізілу бағдарламасын, қатысушылардың  тізімін бекітіп, жеңімпаздарды марапаттайды.

  1. Қазылар алқасының құрамы жоғары оқу орнының ғалымдарынан және

мәдениет салаларының қызметкерлерінен, ақын, жазушы, журналистерден тұрады.

  1. Қазылар алқасы:
  • Қатысушыларды білім мен өнерін бағалаудың өлшемдерін бекітеді,

талдау жасайды және он (10) баллдық жүйемен бағалайды:

  • Қатысушылардың білімі мен өнерін бағалаудағы даулы мәселелерді

талқылайды және қажет болған жағдайда тиісті түзетулер енгізеді;

  • Жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындарды бөледі.
  1. Кәмен оқуларының облыстық кезеңі 2023 жылдың 11-12мамырындаАбай облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылы, аудандық Мәдениетүйінде өткізіледі.

 

Облыстық кезеңге тіркелу және қатысу үшін хат арқылы сұраныс

ұйымдастыру комитетіне 2023 жылдың 25 сәуіріне  дейін төменде көрсетілген үлгіде: qosimsha.bilim.abai@mail.ru; metod_abai@mail.ruэлектронды пошталарына жіберілуі керек.

 

Сұраныс үлгісі:

№

Оқушының тегі, аты-жөні

қала/аудан

Мектебі

Сыныбы

І бөлім алынған үзінді, шығарма атауы,

беті

ІІ бөлім

бойынша ғылыми-зерттеу жобасының тақырыбы

Оқушыны дайындаған мұғалімнің аты-жөні, жұмыс орны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Абай облысы, Абай ауданының білім бөлімі, қосымша ақпараттар алу үшін төмендегідей телефонға хабарласуға болады:  8(72-252-) 9-18-17.

 

                                     ІV. Қорытындылау және марапаттау

  1. Кәмен оқулары байқауының барлық шарттары бойынша ең көп ұпай

жинаған жеңімпазға «Бас жүлде» беріліп, арнайы Дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталады.

  1. Кәмен оқуларының І, ІІ, ІІІ орындарына ие болған жүлдегерлерге арнайы

Дипломдар және сыйлықтар табысталады. Қалған қатысушылар облыстық байқаудың Дипломанты атанып, ынталандыру сыйлықтарына ие болады.

 

  1. Қаржыландыру
  2. Облыстық кезеңге қатысушылар мен жетекшілердің іс-сапар шығындары (барып-келу жолы, орны мен тамақтануы) жіберуші жақ есебінен төленеді.

 

 

 

 

ІІІ Облыстық «Кәмен оқулары» байқауы
Дата публикации
16 мая 2023