Білім беру мекемелерінің басшыларына. «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының республикалық фестивалінің облыстық кезеңін өткізу

 

«Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының республикалық фестивалінің облыстық кезеңін өткізу ережелері

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Осы ереже «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының республикалық фестивалінің облыстық кезеңінің(бұдан әрі – Фестиваль) мақсатын, міндеттерін, өткізу форматын, тәртібін және қаржыландыруын анықтайды.
  2. Фестивальдің мақсаты: үздік классикалық және заманауи өнер үлгілерін игеру және орындау, дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау арқылы білім алушылардың тұлғалық рухани мәдениетін қалыптастыру.
  3. Фестивальдің міндеттері:

1) балалардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау;

2) өскелең ұрпаққа қызықты болатын сұрақтар мен мәселелерді анықтау;

3) өнегелі, рухани және отбасылық құндылықтарды экран арқылы насихаттау;

4) балалар мен жасөспірімдердің, оның ішінде ауылдық жерлерде тұратын балалардың әлеуметтік және шығармашылық тұрғыда өзін-өзі танытуға ықпал ету.

  1. Республикалық фестиваль Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасы бойыншаРеспубликалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы қашықтық форматында өткізеді.
  2. Фестивальді ұйымдастырушылар ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасының құрамдарын қалыптастырады.

 

  1. Фестивальді өткізу уақыты мен орны

 

6.Республикалық Фестивальдің облыстық кезеңіне қатысу үшін аудандық/қалалық білім бөлімдерінің басшыларының қолы қойылған ілеспе хат пен өтінімдерqosimsha.bilim.abai@mail.ruэлектронды поштасына 2023 жылғы22 мамырға дейін жібереді.

  1. Хатқа қоса тіркеледі:

1) өтінім, қатысушылар туралы мәліметтер (Т.А.Ж., туған жылы, сыныбы, оқу орны және білім беру ұйымының мекен-жайы, телефоны);

2) қатысушылардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

3) www.youtube.com каналында MP 4 форматында орналастырылған бейнежазбаға сілтемелер (бейне сапалы, тоқтаусыз бір роликпен жазылуы керек. Әр түрлі үзінділерден «кесінділерге» жол берілмейді).

  1. Фестивальге қатысушылар

 

  1. Фестивальдің облыстық кезеңіне жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының 14-17 жасаралығындағыбілім алушылары, (қалалық/аудандық кезеңдерінің жеңімпаздары) қатысады.
  2. Фестивальді өткізу тәртібі

 

  1. Республикалық Фестиваль екі кезеңде өткізіледі:

1) бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік:

мектепішілік фестиваль;

аудандық (қалалық) фестиваль;

облыстық, қалалық (Астана, Алматы және Шымкент қалалары үшін);

2) екінші кезең (қорытынды) – Республикалық фестиваль.

  1. Фестивальдің өңірлік (іріктеу) кезеңін өткізу мерзімдері аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің және облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының бұйрығымен анықталады.

Фестиваль санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекция, кварцтау, желдету режимін сақтай отырып, адамдардың көп жиналуына жол бермей немесе қашықтан өткізіледі.

  1. Фестивальге кез-келген жанрдағы және шығармашылық шешімдегі авторлық жұмыстар: дәстүрлі немесе сандық технологиялар көмегімен – бейнекамера, фотокамера және ұялы телефонмен монтаждалып түсірілген 3 минутқа дейінгі қысқа метражды фильмдер (бейнежинақ) қабылданады.
  2. Фестиваль келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1)үздік фильм – нақты оқиға негізінде алынған, адамдар, жағдайлар туралы шығарма;

2)ойынды кино – операторлық және режиссерлік, актерлік ойындар өнері көмегімен түсірілген сюжетті (ойдан  шығарылған немесе нақты оқиға желісі бойынша) шығарма;

3) STOP-MOTION-видео – технологиясымен құрылған видео, сюжетті шығарма. Таңдап алынған видеодан немесе фотокамерадан түсірілген кадрларды тізбектей монтаждалатын ролик;

4) өткір әлеуметтік тақырыптық бағыттағы бейнеөнім – қалың  көрермен аудиториясының назарын қоғам мәселелеріне аудару үшін қысқа жарнамалық хабарлама;

5) музыкалық клип – компьютерлік өңдеудің және жаңа видеотехникалық құрылғылардың көмегімен түсірілген авторлық көркемдік концепция видеосы;

6)телевизиялық сюжет – ел өмірі, ішкі және халықаралық саяси оқиғалар және т. б. туралы қысқаша ақпаратты қамтитын кинохрониканың бір түрі;

7)киножурнал – қазіргі өмірді бейнелейтін жеке эпизодтар, көріністер бар қысқа метражды фильм;

8) ғылыми кино –ғылыми-зерттеу, ғылыми-көпшілік, оқу киносы.

 

Қатысушылар саны 7 адам аспау керек

                              

  1. Байқау жұмыстары келесі бағалау өлшемдері бойынша бағаланады:

1) фильмде тарихи, көркем және мәдени мұраны көрсетудің толықтығы;

2) тақырыпты ашу тереңдігі, танымдығы, мәдени құрамдастығы;

3) өзектілігі, эмоционалдық әсері;

4) режиссерлік және операторлық өнері (түсірілімнің күрделілігі, техникалық сапасы, бейнесуреттің анықтығы және дыбыстың сапасы, монтаждау өнері);

5) музыкалық сүйемелдеу;

6) сценарийлік жұмыс.

  1. Байқау жұмыстарының мазмұнына қойылатын талаптар:

фильмнің мазмұны тақырыпты ашуы;

өмір, жұмыс, балалардың қызығушылықтары, олардың армандары;

салауатты өмір салтын насихаттау;     

мейірімділік және қайырымдылық таныту;

ұрпақтар диалогы;

қоршаған орта экологиясы және оны қорғау;

отансүйгіштік қасиеттерді таныту және өз тілін үйренуге қызығушылық;

әлеуметтік мәселелерді шешу идеялары.

  1. Байқау жұмыстарын ресімдеуге қойылатын техникалық талаптар.

Видеоның форматы: mp4 (16:9 көлденең түсірілген видео). Жұмыста видеофильмдерден алынған видео, фото, интервью, блиц-сұрақтар, көркем суреттер, титрлар мен субтитрлар, фрагменттер, музыка, кадр сыртындағы дыбыстар, видеофильмдерден алынған фрагменттер қолданылады. Жұмыстың қысқаша сипаттамасында немесе титрде фильмде қолданылған материалдардың авторлары көрсетілуі тиіс.

  1. Фестивальге бір автор бір фильмнен артық ұсына алмайды. Фестивальге ұсынылған фильмдер қайтарылмайды. Фестивальге ұсынылған фильмнің дыбысталуынан немесе бейнеленуінен ақауы бар материалдар байқауға жіберілмейді.
  2. Фильм бөтен адамның авторлық құқығын бұзбауы керек. Фильмде нәсілдік, ұлтаралық, діни ымырасыздық элементтері, азаматтардың құқықтары мен қадір-қасиетін зорлық-зомбылыққа және бұзуға шақырулар болмауы, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмеуі тиіс.
  3. Фестивальдің ұйымдастырушылары байқауға қатысқан жұмыстарды бұқаралық ақпарат құралдарында авторды көрсете отырып жариялауға құқылы.

 

  1. Қатысушыларды марапаттау

 

  1. Фестивальдің қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады. Фестивальдің барлық қатысушыларына сертификаттар табысталады.
  2. Дипломдар және сертификаттардың электронды нұсқалары білім бөлімдерінің электронды почтасына жіберіледі.

Анықтама телефоны: 870826004056,87470629838.

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                             Ілеспе хатқа қосымша

 

«Қазақстан балалары шексіз әлемде!»

балалар киносының республикалық фестиваліне қатысуға өтінім

№

Жұмыс атауы

Орындаушының Т:А

Туған күні

 

тұрғылықты мекен-жайы, электрондық пошта, телефон

Білім беру ұйымы, сынып

Жетекшінің

байланыс телефоны, электрондық поштасы

1 «Үздік фильм»

 

 

 

 

 

 

 

2 «Ойынды кино»

 

 

 

 

 

 

 

3 «STOP-MOTION-видео»

 

 

 

 

 

 

 

4 «Өткір әлеуметтік тақырыптық бағыттағы бейнеөнім»

 

 

 

 

 

 

 

5 «Музыкалық клип»

 

 

 

 

 

 

 

6 «Телевизиялық сюжет»

 

 

 

 

 

 

 

7 «Киножурнал»

 

 

 

 

 

 

 

8 «Ғылыми кино»

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының республикалық фестивалінің облыстық кезеңін өткізу
Дата публикации
16 мая 2023