Білім беру мекемелерінің басшыларына. 8 -11 сынып оқушылары мен оқытушыларына арналаған пікірсайыс клубтарының слеті.
"Абай облысы білім басқармасы"ММ "Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми - әдістемелік "Дарын" орталығы" ҚМҚК ұйымдастыруымен Абай облысы мектептерінің 8 -11 сынып оқушылары мен оқытушыларына арналған пікірсайыс клубтарының слеті өтетінін хабарлайды.
Облыстық пікірсайыс слеті 2023 жылдың 18 мамыры күні сағат 15.00-де Семей қаласының Шәкәрім атындағы универсиетінің Қашаған көшесі 2 мекенжайы бойынша орналасқан ғимаратында өтеді.
Осыған байланысты, оқушылар мен жетекшілердің пікісайыс слетіне қатысуын қамтамасыз ету қажет.
Қатысушылармен жетекшілердің іссапар бару және қайту шығындарын жіберуші жақ төлейді.
Жұмыс барысында қолдану үшін слеттің ережесі, слетке қатысу тәртіптемесі мен өтінім үлгісі қоса жолданады.