Білім беру мекемелерінің басшыларына .2023 жылғы «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу туралы

2023 жылғы «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу туралы

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2022 жылғы 17 тамыздағы №371 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесіне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Білім беру қызметкерлері арасында озық педагогикалық идеялар мен тәжірибелерді ұсыну және тарату мақсатында мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарына арналған 2023 жылғы «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық бейнесабақтар және бейнедәрістер конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) дайындалсын және өткізілсін.
  2. Бекітілсін: 

1) Бағыттар тізбесінің кеңеюіне байланысты Конкурсты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі «Өрлеу» БАҰО» АҚ жұмыс тобының жаңартылған құрамы (1-қосымша).

2) Конкурс ережесі (2-қосымша).

  1. Жұмыс тобының жетекшілері «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдары Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институтының директоры С.С. Құрманбекова және Батыс-Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институтының директоры С.С. Измуханбетова конкурсты дайындау және өткізу жөніндегі іс-шараларды 3-қосымша сәйкес ұйымдастырсын.
  2. Бұйрықтың орындалуын бақылау «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары А.Х. Ибрашеваға жүктелсін.
  3. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Басқарма Төрағасының м.а. - Басқарма Төрағасының қаржы және әкімшілік-кадр мәселелер жөніндегі орынбасары

А.Киргизбекова

 

 

 

2023 жылғы «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу туралы
Дата публикации
15 мая 2023