Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы үлгілік ережені бекіту туралы

Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы
комплаенс-қызмет туралы үлгілік ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 112 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде 2023 жылғы 31 наурызда № 32211
болып тіркелді
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы
комплаенс-қызметтер туралы қоса беріліп отырған Үлгілік ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Превенция қызметі заңнамада белгіленген
тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, оны Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет) интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)
Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі.

Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы үлгілік ережені бекіту туралы
Дата публикации
12 мая 2023