«46 орта мектебі» Аула клубына ұйымдастырушы – педагог

 

2023жылдың 04 мамыр дейін құжаттар қабылданады

Аула клубтарының ұйымдастырушы – педагогының бос лауазымына 1,0 ставка «Аула клубтарының қауымдастығы» КМҚК байқау жариялайды.

Байқау жарияланған лауазымның атауы:

«46 орта мектебі» Аула клубына ұйымдастырушы – педагог. Орналасқан  жері: Абай облысы, Семей қаласы, Степной кенті , 13/1, № 46 орта мектеп.

Біліктілік талаптары - жоғарғы немесе арнаулы орта педагогикалық білім.

Аула клубының ұйымдастырушы- педагогына қойылатын талаптар: 

  1. Аула клубының жұмысын ұйымдастырады және осы бөлімшенің қызметіне басшылық етеді.
  2. Тұрғылықты жері бойынша балалар мен жасөспірімдерді еңбекке, эстетикалық және дене тәрбиесіне баули отыра, күнтізбелік жоспармен жұмыс істейді.
  3. Тұрғылықты жері бойынша балалар мен жасөспірімдердің жас және психологиялық ерекшеліктерін, қызығушылықтарын және қажеттіліктерін зерттеп, оларды жүзеге асыруға жағдай жасайды.
  4. Жеке тұлға ретінде дарындарын ашуға, ақыл –ой және физикалық қабілеттерін дамытуға, жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға әсер етеді. Балалар мен жасөспірімдер арасында үйірме жұмыстарын, секцияларды, әуесқой бірлестіктерді, балалар мен ересектердің бірлескен іс-әрекеттерін және әр баламен жеке жұмыс жүргізуді ұйымдастырады. Спорттық бағыттардың бірін басшылыққа алады. Балалардың демалыс уақытында кештер, мерекелер, жорықтар, экскурсиялар, жарыстар, көрмелер, салауатты өмір- салтын насихаттау және құқықбұзушылықты болдырмау туралы әртүрлі акциялар ұйымдастырады және т.б.
  5. Мәдени – бұқаралық және спорттық іс- шараларға балалардың қатысуын ұйымдастырады.
  6. Аула клубында іс- қағаздарын жүргізеді, стендтер шығарады, үгіт- насихат жұмыстарына көрнекті құралдарды пайдаланады және аула клубының маңдайшасына мән береді.
  7. Аула клубының материалдық – техникалық базасын нығайтуға атсалысады.
  8. Тұрғылықты жері бойынша аула клубына балалар мен жасөспірімдерді барынша көп қамтуға әсер етеді.
  9. Тұрғылықты жері бойынша балалар мен жасөспірімдердің жұмысын ұйымдастыруға шығармашылықпен қарайды.
  10. Аула клубының нысанын санитарлық- гигиеналық талаптарға сай етіп ұстайды.
  11. Қалалық құрылымдармен, бұқаралық- ақпарат құралдарымен және қоғамдық ұйымдармен байланыста болады

Бір айлық лауазымдық жалақы мөлшері – Штаттық кестеге сай.

 

      Байқаудың өтетін орны – Семей қаласы, Первомайская көшесі 24, «Жемчужина» аула клубы.

 

Өтініштерді қабылдау орны және жариялау мерзімі – байқауға қатысу үшін «Аула клубтарының қауымдастығы» КМҚК-ның хабарландыруы жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күннің ішінде өтініштер қабылдануы керек. Семей қаласы, Первомайская көшесі 24, «Жемчужина» аула клубы.

 

     Аула клубтарының ұйымдастырушы – педагогы лауазымына конкурсқа қатысу       

     үшін үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • Педагогикалық немесе кәсіптік білімі,
  • Аула клубында спорттық бағытта еңбек өтілі,
  • Педагогиканың негізі және мектептен тыс жұмыстар туралы білімі,
  • Сотталмағаны туралы анықтама.

 

Аула клубтарының ұйымдастырушы – педагогы лауазымына конкурсқа қатысу үшін үміткерлердің тапсыратын құжаттары:

  • Байқау комиссиясының төрағасының атына мекен- жайы тіркелген, нақты тұрғылықты жері, байланыс телефоны көрсетілген өтініш;
  • Жеке куәліктің көшірмесі;
  • Білімі жөніндегі құжаттың көшірмесі;
  • Еңбек өтілін растайтын құжат;
  • Кадрларды есепке алу жеке парағы суретімен;
  • Біліктілігін анықтайтын құжаттыңкөшірмесі;
  • Медициналық тексеруден өткен құжат;
  • Сотталмағаны туралы анықтама;
  • Наркологиялық диспансерден анықтама;
  • Психдиспансерден анықтама.

Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефоны 8-777-579-2-975 және электрондық мекен-жайыtimur_semey@mail.ru

     Біліктілік талаптарына сәйкес, конкурсқа қатысушыларды комиссия үміткерлер ретінде тіркеп, күні, уақыты және әңгімелесудің өтетін орны жайлы үш жұмыс күні ішіндехабарлайды.

     Комиссияның әңгімелесуді өткізу мақсаты: үміткерлердің теориялық білімдерін, Қазақстан Республикасының заңдарын, бала құқығы, педагогика, психология, гигиена негіздерін, қызығушылықтарын дамыту бағытын, методикалық ізденіс және дарындарды қолдау, сондай-ақ ақпаратты нақтылау, педагогикалық жетістіктерге сүйеніп, кәсіби және жеке басының қасиеттерін, үміткердің ұйымдастырушылық қабілетін, ұстанымдағы лауазымның болашағын анықтау.

Бос орынға үміткер мынаны білуі тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының  «Білім беру» заңы, Мәдениет туралы, Қазақстан Республикасының  бала құқығы туралы, «Жемқорлыққа қарсы күрес» туралы, Еңбек, еңбекті қорғау ережелері, өрт сөндіру қауіпсіздігі мен техника қауіпсіздігі  және санитарлық ережелер.

 

 

Вакансия
Дата публикации
26 апреля 2023