«№36 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ педагог-психолог орнына конкурс жариялайды

Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің

«№36 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

педагог-психолог орнына конкурс жариялайды

 

           Конкурс жарияланған лауазым атауы: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№36 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ   педагог-психолог орнына.

Конкурсты өткізу орны мен мерзімі: Абай облысы, Семей қаласы, Некрасов к-сі 102;  02.05.2023

Байланыс телефоны: 8 (7222)52 – 35 - 92

Электрондық мекен-жайы: semey_sh_36@mail.ru

Конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі және қабылдау орны: 24.04.2023-30.04.2023 ж. Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№36 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 

Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім «Enbek.kz» сайтында, Абай облысы білім басқармасының «Семей қаласы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сайтында конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жариялаған күннен бастап 7 күнтізбелік күнде жүзеге асырылады (құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі).

Көрсетілетін қызметті берушіден өтінішті қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

 

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

  • жоғары педагогикалық немесе бейіні бойынша білім болуы тиіс.
  • компьютерде жұмыс жасай білуі және құжаттарды даярлауға арналған бағдарламаларды қолдана білуі.

 

Лауазымдық міндеттері:  


  1. Тұлғаның психикалық денсаулығына қамқорлық жасайды, ол үшін дамытушылық, психикалық ыңғайлы орта құрады; салауатты өмір салтын қалыптастырады
    2. Психикалық даму барысын бақылау мақсатында жиі жаппай зерттеулер жүргізеді, психологиялық көмекті қажет ететін оқушыларды анықтайды, оларды есепке алады және бақылайды.
    3. Өз қызметін төрт негізгі бағытта: психодиагностика, психологиялық кеңес беру, психопрофилактика, психологиялык коррекция түрінде жүзеге асырады;
    4. Қажетті психологиялық-педагогикалық өлшемдерді, нәтижелерді өңдейді, психологиялық қорытындылар мен ұсынымдарды дайындайды.
  2. Оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар арасында ағарту және кеңес беру жұмыстарын жүргізеді; кәсіби кеңес беру және кәсіби бағдар беруші зерттеулерді жоспарлайды және ұйымдастырады; психопрофилактикалық жұмысты қамтамасыз етеді; психологиялық қауіп зонасында орналасқан оқушыларды айқындайды осы категориядағы балаларға профилактика және коррекция жасайды.
  3. Отбасылық тәрбиелеу үшін микроклимат қалыптастыруға, дау-жанжалдарды шешуге көмек көрсетеді, отбасындағы ата-аналар құзырлылығының диагностикасын және дамуын жүзеге асырады.
    7. Балалардың икемділігін дамыту, тұлғаның психологиялық мәдениетін қалыптастыру, қайырымды адами қарым-қатынасты қалыптастыру және оқыту, тұлға аралық және іскерлік дау-жанжалдарды шешу, экстремальды жағдайларда көмек көрсету жұмыстарын жүзеге асырады.
    8. Психодиагностикалық жұмыстарды жүргізеді және сынып жетекшілердің қатысуымен балаларды ұйымдастырады.

  4. Тапсырыстардың түсуіне қарай (соның ішінде жоғарғы сыныптарда кәсіби бағыт-бағдар беруші жұмыстар шеңберіндегі диагностика; педагогикалық шеберлік пен шығармашылықты дамыту шеңберіндегі диагностикасы) психодиагностикалық жұмыстар жүргізеді.
    10. Ғылыми және практикалық психологияның жетістіктері туралы, оқу үрдісіне қатысушыларға психологиялық зерттеулер, диагностиканың жаңа әдістемелері туралы мәліметтер банкін жасайды.
  5. Оқушылардың біртұтас білім үрдісінде өзін-өзі бағалауға, оқуға тұлғалық, интеллектуалдық, әлеуметтік-психологиялық дайындық деңгейлерін зерттейді; шығармашыл дарынды балаларды психологиялық қолдайды, олардың дамуына жағдай жасайды.
    12. Оқушыларды жеке, тұлғалық-ізгілікті тұлғалық-бағытталған және дамытушы жақындау жолымен қамтамасыз ету мақсатында психологиялық-педагогикалык зерттеу жүргізеді; тұлғаның және интеллектінің бұзылуының психологиялық себептерін анықтайды,осыған ұқсас жағдайлардың алдын алады.
  6. Оқытудың барлық сатыларында оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін және жеке тұлғалығын қалыптастыруға және бекітуге ықпал жасайды; қазіргі коғам өміріне бейімделген дамушы тұлғаның қалыптасуына көмектеседі; оқушылардың кәсіби бағытталуына және интеллектінің, тұлғаның толыққанды дамуын қамтамасыз етуге көмектеседі;
    14. Ішкі еңбек тәртібі ережесін, мектеп Жарғысы талаптарын сактайды.
    15. 1-11 сынып оқушыларына психологиялық көмек көрсетеді.
    16. Әр түрлі есепте (ІІБ-де, қауіпті топтағы, мектепішілік есепте, дәстүрлі емес
    дінде есепте тұратын және жайсыз отбасының ) тұратын балалармен жұмыс жүргізеді.
    17. Мектеп бітірушілерді ҰБТ-ге психологиялық дайындығын жүргізеді.

 

     Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 24 қарашада № 25349 болып тіркелді.

 

Құжаттар тізімі:

Конкурсқа Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін және

осы Қағидалардың  107-тармағында  көрсетілген тізім бойынша құжаттарды ұсынған педагогтер қатысады.

  1. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама;

10) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог- модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік

санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);

11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

 

  Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

      Осы Қағидалардың  107-тармағында  көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.

          Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің

кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы. Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

 

Толық ақпарат алу үшін:

Абай облысы Семей қаласы Некрасов көшесі 102.

Байланыс нөмірі: 8 (7222)52 – 35 - 92

Электрондық  адрес: semey_sh_36@mail.ru хабарласу керек

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Абай облысы Семей қаласы

білім бөлімі» ММ басшысы

Б.З.Булабаевқа

 

 

 

 

2022-2023 о.ж. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАРҒА СҰРАНЫС

 

 

№

Білім мекемесінің атауы

Мекен-жайы

Байланыс телефоны

Қажеттілік

/пән атауы/

Жүктеме

Қойылатын талаптар

Қажеттілік себептері

1

Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№36 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 

Семей қаласы, Некрасов көшесі,102.

8 (7222)

52 – 35 - 92

Педагог-психолог

0,75 ст

Еңбек өтілі 3 жылдан кем емес

Бос орын

 

 

 

№36 ЖОББМ  директоры:                          Г.Б.Султанов  

 

 

 

Вакансия
Дата публикации
24 апреля 2023