«Ұстаздықтың сөнбес жарық жұлдызы, ұлт ұстазы – Қанипа Бітібаева»

Академик Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атындағы

 атаулы зертхананың 10 жылдығына орай өткізілген

«Ұстаздықтың сөнбес жарық жұлдызы, ұлт ұстазы – Қанипа Бітібаева»

аймақтық семинары қорытындысы

 

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназияcы» КММ-де 21.04.2023ж.  академик Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атындағы атаулы зертхананың 10 жылдығына орай «Ұстаздықтың сөнбес жарық жұлдызы, ұлт ұстазы- Қанипа Бітібаева» аймақтық  семинары өткізілді.   Бағдарлама                      3 бөлімнен тұрды. Аймақтық семинар салтанатты түрде ашылып, Қ.О.Бітібаева атындағы атаулы зертханасы, инновациялық тәжірибе орталығының таныстырылыммен жалғасты.

Семинар бағдарламасына сәйкес I бөлімінде «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда Қ.О.Бітібаеваның инновациялық технологиясы» негізінде ашық сабақтар керуені өткізілді. Қаламыздың «№22 ЖОББМ-Л» КММ, «№16 ЖОББМ» КММ, «№15 ЖОББМ» КММ, «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ, «№21ЖОББМ» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері ашық сабақтарын өткізді. Бағдарламаның  II бөлімінде «Қ.О.Бітібаеваның әдебиетті оқытуда инновациялық технологиялары арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу» негізінде  қаламыздың  «№15 ЖОББМ» КММ, «Шәкәрім атындағы  көпбейінді №5 гимназиясы» КММ,

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ мектептерінің мұғалімдері пікір сайыс, коучинг, дөңгелек үстел, шеберлік сыныптарын өткізді. Бағдарламаның III бөлімінде өткізілген іс-шараларға  семинар қонақтары кері байланыс жасалды. Қорытындысында «Қазақтың Қанипасы» атты көрініс қойылып, «Қанипа әлемі» үйірме мүшелерімен «Дәуірдің дара ұстазы»  тақырыбында мәнерлеп оқу шеберлігіне ұласты.

 

Білім бөлімі

«Ұстаздықтың сөнбес жарық жұлдызы, ұлт ұстазы – Қанипа Бітібаева»
Дата публикации
21 апреля 2023