Химия кабинетінің зертханашысы уақытша бос орнына конкурс

Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің

«Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1 жүктеме  химия кабинетінің  зертханашысы  уақытша бос орнына конкурс жариялайды.

 

 

Конкурс жарияланған лауазым атауы: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы» КММ                     1 жүктеме  химия кабинетінің  зертханашысы  

 

Конкурсты өткізу орны мен мерзімі: индекс 071410, Абай облысы, Семей қаласы, Байтұрсынов, 38 А көшесі.

Байланыс телефоны: 8 (7222) 32-84-54

Электрондық мекен-жайы: Shakarim_shkola_semey@mail.ru

Конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі және қабылдау орны: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Шәкәрім атындағы көпбейінді                     № 5 гимназиясы» КММ.  Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім «Enbek.kz» сайтында, Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің мемлекеттік мекемесінің сайтында конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жариялаған күннен бастап 7 күнтізбелік күнде жүзеге асырылады (құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі).

Көрсетілетін қызметті берушіден өтінішті қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.                                 (03.04.2023-11.04.2023)

 

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

  • жоғары педагогикалық немесе бейіні бойынша білім және педагогикалық жұмыс өтілі болуы тиіс.
  • Оқытушылық қызметін жүзеге асыру кезінде қосымша «педагог», «педагог-модератор», біліктілігі немесе «педагог сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілігінің болуы.
  • Компьютерде жұмыс жасай білуі және құжаттарды даярлауға арналған бағдарламаларды қолдана білуі.

 

Лауазымдық міндеттері:  

 

Лауазымдық міндеттері: Мұғалімдерге сабақтардың, сыныптан тыс сабақтарды жүргізуге көмектеседі. Күн сайын сабақтың басталу уақытына дейін оқушылардың жұмыс орнын, газдың және судың, электр жүйелері мен электр құрал-жабдықтарының жай-күйін тексереді, анықталған кемшіліктер немесе жөнделмеген ақаулар туралы мұғалімге баяндайды. Зертхананың жұмыс істеуін, мүлкінің сақталуын, оқу және зертхана кабинеттерінің тазалығы мен тәртібін, жанатын, улы заттарды, зертханалық жабдықтарды оқу процесінде пайдалану және сақтау кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Кабинетте зертханалық жабдықтардың барлық түрлерін пайдалану дағдыларын меңгереді, жарақаттанушыға дәрігерге дейінгі көмекті көрсетеді, өртке қарсы жұмыс жүргізеді, өртке қарсы пайдаланылатын құралдар мен мүліктердің жай-күйіне және сақталуына, желдетпе жүйесінің, газбен жабдықталудың жай-күйіне бақылауды жүзеге асырады. Зертханалық және практикалық жұмыс жүргізудің қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз етеді. Эксперименттерді орындау барысында дайындық және көмекші операцияларды, бақылауды, өлшемдер нәтижелерін, жұмыс журналдарын толтыруды, талдаулар, зерттеулерді әдістемелік құжаттарына сәйкес жүйелейді және ресімдейді. 

           Химия кабинетінің зертханашысы: сынып жұмысы басталғанға дейін сабақ өткізу үшін құрал жабдықтарды дайындайды, оны бірінші тексеруді және пайдалануды жүзеге асырады, аяқталған соң жүйе жұмысының дұрыс аяқталуын,қадағалау.
      Жоспарлы, күнделікті, апталық, жартыжылдық профилактикалық жұмыстарға қатысады. Құрал жабдықтардың дұрыстығын бақылайды, оны тазартуды жүзеге асырады.

Пайдаланушыларға жүйеге ену кілт сөзі, оқытушылар берген оқу материалдарын орналастыру, бар инструментарияларды пайдалануы бойынша кеңестер береді. Жүйедегі жұмыс дұрыс жүргізілмеген жағдайда компьютерлердің істен шығуын тіркейді және басшылыққа хабарлайды. Химия мұғалімінің жеке қызметтік тапсырмаларын орындайды.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары және басқа білім беру мәселесі жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, тестілеу сынақтарын тексеру әдістерін, педагогика мен психология негіздерін, пән бойынша негізгі оқу-бағдарламалық құжаттарды, зертханалық және практикалық жұмыстарды жүргізудің техникасын, дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді, еңбек туралы заңнамаларды, қауіпсіздік техникасын, еңбекті қорғау және өртке қарсы ережелерді, санитарлық ережелер мен нормаларды.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім.

          Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды, бұйрықтарды білуге, ҚР ІІБ экстремизимге қарсы күрес бөлімінің методикалық ұсыным хатын білуге және талаптарын сақтауға, ата-аналар мен оқушыларды таныстыруға міндетті. (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 191 қаулысы)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрығы негізінде:

Құжаттар тізімі:

Конкурсқа Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін және осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген тізім бойынша құжаттарды ұсынған педагогтер қатысады.

  1. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама;

10) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);

11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

            Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

            Осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.

Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы.

Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

Ақпараттың дәлдігі үшін:

Мекенжай: ШҚО,  Семей қаласы,  Байтұрсынов, 38 А көшесі.

Байланыс телефоны: 8 (7222) 32-84-54

Электрондық мекенжай : Shakarim_shkola_semey@mail.ru

 

 

Вакансия
Дата публикации
04 апреля 2023