Көктемгі демалыс кезеңінде«Әлем әдебиетін бірге оқимыз!»
іс-шараларын 5-9 сынып арасында өткізу әдістемесі
Құрметті әріптестер!
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы (бұдан әрі – ҚР ОАМ РҒПК) мектеп оқушыларының көктемгі демалыс кезінде Сіздің өңірдің мектептерінде «Әлем әдебиетін бірге оқимыз!»тақырыбындағы түрлі іс-шараларды өткізудіұсынады.
Іс-шараларды тиімді және сапалы ұйымдастыру мақсатында ҚР ОАМ РҒПК мектеп демалыстары кезінде мектеп кітапханаларының жұмысын ұйымдастыру бойынша әзірленген ұсынымдарды пайдалануға жолдайды.
ҚР ОАМ РҒПК 2023 жылдың 20-31 наурыз аралығында тұрақты түрде өзінің «Facebook», «Instagram», «Tik-tok» парақшаларында – көктемгі демалыс кезінде балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастырудағы мектеп кітапханаларының тәжірибесінен бейнероликтер орналастырады.
«Әлем әдебиетін бірге оқимыз!»іс-шараларының нәтижелері туралы ақпаратты 2023 жылдың 5 сәуіріне дейін rnpb_kz@mail.ru электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.