Көктемгі демалыс кезеңінде«Әлем әдебиетін бірге оқимыз» іс-шараларын 10-11 сынып арасында өткізу әдістемесі

Көктемгі  демалыс кезеңінде«Әлем әдебиетін бірге  оқимыз»

іс-шараларын 10-11 сынып арасында өткізу әдістемесі

 

 

Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы (бұдан әрі – ҚР ОАМ РҒПК) мектеп оқушыларының көктемгі демалыс кезінде Сіздің өңірдің мектептерінде    «Әлем әдебиетін бірге  оқимыз» тақырыбындағы түрлі іс-шараларды өткізуді ұсынады.

Іс-шараларды тиімді және сапалы ұйымдастыру мақсатында ҚР ОАМ РҒПК мектеп демалыстары кезінде мектеп кітапханаларының жұмысын ұйымдастыру бойынша әзірленген ұсынымдарды пайдалануға жолдайды.

ҚР ОАМ РҒПК 2023 жылдың 20-31 наурыз аралығында тұрақты түрде өзінің «Facebook», «Instagram»,  «Tik-tok» парақшаларында – көктемгі демалыс кезінде балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастырудағы мектеп кітапханаларының тәжірибесінен бейнероликтер орналастырады.

«Әлем әдебиетін бірге  оқимыз»іс-шараларының нәтижелері туралы ақпаратты 2023 жылдың 5 сәуіріне дейін rnpb_kz@mail.ru электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз

Дата публикации
24 марта 2023