2022-2023 оқу жылына бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 12.10.2018 жылғы № 564 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін жүргізіледі. Осыған байланысты egov.kz. "электрондық үкіметтің" веб-порталында өтініштерді қабылдау 1-сәуірден басталады. Құжаттарды сәтті тапсырып, Сізге білім беру ұйымында өз орныңызды алуыңызға тілектеспіз!