"Восток" аула клубының тәрбиеленушілері, Өскемен қаласынан бірнеше медальдармен оралды.

"Восток" аула клубының тәрбиеленушілері, Өскемен қаласынан бірнеше медальдармен оралды. Бұл қалада түрлі жанрдағы "VIVA ITALIA" халықаралық байқау-фестивалі өтті, оған 78 әртіс пен ұжым қатысты. Байқау қорытындысы бойынша біздің "Кербез" және "Супердетки" би топтары үшінші орынға ие болды. "Гүлдерай" тобы "Хатуба" және "Кукушка"билерімен бірден екі орынды иеленді. Италия мен Қазақстанның өнер және мәдениет қайраткерлерінен құралған байқаудың қазылар алқасы қол жеткізген нәтижелері үшін тәрбиеленушілерімізге кубоктар, медальдар мен дипломдар табыс етті.Тәрбиеленушілердің осындай жетістікке жетуіне басты себепкер аула клубының жетекшісі Гүлшат Құспанова. Балаларымызды жеттістіктерімен құттықтаймыз!!!

Дата публикации
14 марта 2023