«Бірге оқимыз!»

     2023  жылдың 27  ақпан күні  Семей қаласы білім бөлімінің  ұйымдастыруымен «Бірге оқимыз!» жобасы аясында  қашықтықтан қалалық  семинар ұйымдастырылды.

Семинар барысында  КМҚК №12 «Ажар» бөбекжайының әдіскері Аукенова А.А.  балабақшадағы «Бірге оқимыз!» жобасы  бойынша атқарылған жұмыстармен бөлісті. КМҚК №12 «Ажар» бөбекжайы педагогтарының  топтардағы кітап бұрыштарын ұйымдастыруы, балабақшаның «Әдеби қонақ бөлмесін» жабдықталуы, тәрбиеленушілермен ұйымдастырған «Ертегілер елінде» тақырыбындағы сайыстар, «Көңілді Ажар» театр-студиясының қойылымдары жайлы таныстырды. Жоба барысында   балабақша педагогтарының балаларға кітап оқу, көркем сөз, жұмбақтар мен жаңылтпаштарды жаттату, саусақ театры, көлеңке театрларын қолданып ертегілерді сахналау  арқылы баланың тілін дамытып, сөздік қорын молайтып, ауызекі дұрыс сөйлеуге  үйретіп жатқандарын атап айтты.

«Бірге оқимыз!» жобасын іске асыру барысында балабақшаның ата-аналары да белсенді атсалысуда. Балабақша ата-аналары «Кітап сыйлайық!» акциясына  және «Бірге оқимыз!» бейнетүсірілімдер сайысына белсене қатысқандарын  айтты.

  «Бірге оқимыз!» жобасы аясында жүргізілген жұмыстарды қорытындылай келе, балабақша тәрбиеленушілерінің оқуға, ертегі тыңдауға, ертегі мазмұнын айта білуге,  театр қойылымдарына деген қызығушылықтарының артқаны  байқалды. Балабақша  ата-аналарының былтырғы оқу жылымен салыстырғанда белсенділік танытқандары қуантады.  Бұл жоба бойынша жұмыстар бекітілген жоспарға сай  оқу жылы барысында  жалғасатын болады.

Дата публикации
28 февраля 2023