Биологиялық орталықпен орталық қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесу, Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасының негізгі бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Комплаенс қызметіне жауапты А.Елемесова корпоративтік әдеп кодексінің бөлімдерімен, ережелермен, нұсқаулықтармен, корпоративтік этиканы сақтауды қамтамасыз ету бойынша әдістемелік ұсыныстармен толығырақ таныстырып өтті.