Халықты сандық сауаттылыққа оқыту

Қазіргі әлемде сандық технологиялар елдер экономикасын дамытуда аса маңызды рөл атқарады.

"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары Қазақстан Республикасы экономикасының даму қарқынын жеделдету және орта мерзімді перспективада цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ Қазақстан экономикасының ұзақ мерзімді перспективада болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін дамудың принципті жаңа траекториясына көшуі үшін жағдайлар жасау болып табылады.

Цифрландыру бойынша күш – жігер адам капиталы белсенді дамып келе жатқан жаңа қоғамды құруға әкеледі-болашақтың білімі мен дағдылары ең жас жастан бастап тәрбиеленеді, автоматтандыру және басқа да жаңа технологиялар есебінен бизнес жұмысының тиімділігі мен жылдамдығы артады, ал азаматтардың өз мемлекеттерімен диалогы қарапайым және ашық болады. Сандық революция біздің көзімізде орын алады.

"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында Семей қаласында 2019 жылдың 19-22 тамызы аралығында сандық сауаттылық дағдыларына оқыту семинарлары өткізіледі. Оқыту семинарларын өткізу орны мен уақыты Семей қаласы әкімінің ресми сайтында орналастырылған.

Оқыту 5 оқу бағдарламасы бойынша жүргізіледі:

1. «Ашық Үкіме»  порталы;

2. «Электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер»;

3. «Электронды сауда»;

4. «Базалық сандық дағдылар»;

5. «Ақпараттық қауіпсіздік дағдылары».

Халықты сандық сауаттылыққа оқыту
Дата публикации
20 мая 2019