«Қаныш Сәтбаев атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос «педагог-ассистент» лауазымына конкурс жариялайды.

Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Қаныш Сәтбаев атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі орыс және қазақ тілдерінде оқытатын бос «педагог-ассистент» лауазымына (1 ставка) конкурс жариялайды.

Мекеменің мекенжайы: Индекс 071408, Абай облысы, Семей қаласы, Сәтбаев көшесі, 218, жұмыс телефоны: 8 (7222) 50-20-04, электрондық пошта: school_m_2@mail.ru
Конкурсты өткізу және комиссияның қорытынды отырысының мерзімі:
13.10.2026 – 22.10.2026 жж.
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптары:
Біліктілікке қойылатын талаптар:
  • Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжаты болуы тиіс, жұмыс стажына талаптар қойылмайды;
  • Немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі болуы тиіс, жұмыс стажына талаптар қойылмайды;
  • Жоғары және орта біліктілік деңгейі болған жағдайда педагогикалық жұмыс стажы: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл.
 
Дата публикации
13 октября 2026