«Қаныш Сәтбаев атындағы № 2 ЖОББМ» математика пәні мұғалімінің бос лауазымына конкурс жариялайды.

Мекеменің мекенжайы: 071408 пошта индексі, Абай облысы, Семей қаласы, Сәтпаев көшесі, 218; жұмыс телефоны: 8 (7222) 502004; электрондық пошта: school_m_2@mail.ru

Конкурстың мерзімі: 2026 жылғы 9 қазан – 2026 жылғы 20 қазан

Педагогтерге арналған үлгілік біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптары:

Біліктілік талаптары:

тиісті саладағы жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіби білім, не педагогикалық қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат (жұмыс өтілі талап етілмейді), не тиісті саладағы техникалық және кәсіптік педагогикалық білім (жұмыс өтілі талап етілмейді);

және/немесе жоғары немесе орта буын біліктілігі бар тұлғалар үшін мынадай көлемдегі педагогикалық жұмыс өтілі: «модератор» педагог үшін — кемінде 2 жыл, «сарапшы» педагог үшін — кемінде 3 жыл және «зерттеуші» педагог үшін — кемінде 4 жыл.

Дата публикации
09 октября 2026