«№ 9 ЖОББМ» КММ Педагог-ұйымдастырушы бос лауазымдық орнына конкурс жариялайды

Орналасқан жері, пошталық мекенжайы: Абай облысы, Семей қаласы, Дәстенов көшесі, 49 А
Байланыс телефоны: 34-12-29
Электрондық поштасы: sh9@inbox.ru
Бос лауазымның атауы: Орыс тілінде оқытатын сыныптарға арналған педагог-ұйымдастырушы.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Педагогика және психология» бағыты бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі немесе бейіні бойынша жоғары медициналық білімі (жұмыс өтіліне талап қойылмайды); және (немесе) біліктілігінің жоғары немесе орта деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін — кемінде 3 жыл, педагог-эксперт үшін — кемінде 4 жыл, педагог-зерттеуші үшін — кемінде 5 жыл; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-шебер үшін — кемінде 5 жыл; компьютерлік сауаттылық, қажетті құжаттарды дайындау бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді білуі және меңгеруі тиіс.
Еңбекақы көлемі мен еңбек жағдайлары: 5 күндік жұмыс аптасы, 1 ставка. Еңбекақысы: жоғары педагогикалық білімі үшін – 135 000 теңгеден басталады.
Үміткерге қойылатын біліктілік талаптары: ҚР БҒМ 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 «Педагогтер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» бұйрығының 1-бөлімі, 3-тарауының 9-параграфының талаптары негізінде.
Құжаттарды қабылдау мерзімі мен орны: 30.09.2026 ж. бастап 09.10.2026 ж. дейін ҰОДБ (НОБД) педагогтерді қабылдау порталы арқылы.
 
Дата публикации
30 сентября 2026