Орналасқан жері, пошталық мекенжайы: Абай облысы, Семей қаласы, Дәстенов көшесі, 49 А
Байланыс телефоны: 34-12-29
Электрондық поштасы: sh9@inbox.ru
Бос лауазымның атауы: Орыс тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжаты (жұмыс өтіліне талап қойылмайды) немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі (жұмыс өтіліне талап қойылмайды) болуы, компьютерлік сауаттылық, қажетті құжаттарды дайындау бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді білуі және меңгеруі тиіс.
Еңбекақы көлемі мен еңбек жағдайлары: 5 күндік жұмыс аптасы, оқу жүктемесі: аптасына 16 сағат, ал 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап – педагогтерді тарификациялауға сәйкес. Еңбекақысы: жоғары педагогикалық білімі үшін – 170 000 теңгеден басталады.
Үміткерге қойылатын біліктілік талаптары: ҚР БҒМ 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 «Педагогтер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» бұйрығының 1-бөлімі, 3-тарауының 7-параграфының талаптары негезінде.
Құжаттарды қабылдау мерзімі мен орны: 30.09.2026 ж. бастап 09.10.2026 ж. дейін ҰОДБ (НОБД) педагогтерді қабылдау порталы арқылы.