Мекенжайы, пошталық адресі: ШҚО, Семей қаласы, Рымбек Байсейітов көшесі, 145-үй
Байланыс телефоны: 8 (7222) 354615, 354640
Электрондық мекенжайы: scool43@mail.ru
Бос лауазымның атауы: оқыту орыс тілінде жүретін мектепке негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне химия пәні мұғалімі.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Химия мұғалімі» бағыты бойынша жоғары педагогикалық немесе кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды; және (немесе) жоғары біліктілік деңгейі болған жағдайда әлеуметтік педагог лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін 2 жылдан кем емес, педагог-сарапшы үшін – 3 жылдан кем емес, педагог-зерттеуші үшін 4 жылдан кем емес және педагог-шебер үшін – 5 жылдан кем емес, компьютерлік сауаттылық, қажетті құжаттарды дайындау бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді білу және меңгеру;
Еңбекақы мөлшері мен шарттары: 5 күндік жұмыс аптасы, 1 (бір) ставкаға. Жалақысы: жоғары педагогикалық білімі бар маман үшін – 135 мың теңгеден бастап.
Үміткерге қойылатын біліктілік талаптары: ҚР БҒМ 13.07.2009 ж. № 338 «Педагогтердің лауазымдық біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» бұйрығының 1-бөлімі 3-тарауының 12-параграфындағы талаптар негізінде.
Құжаттарды қабылдау мерзімі мен орны: 30.09.2026 ж. бастап 08.10.2026 ж. дейін Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№43 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ қабылдау бөлмесінде.