Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№30 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Семей қ, Л.Өтепбаева көшесі, 37А т. 35-29-33, Sch30_semey@mail.ru.
Мемлекеттік білім беру ұйымының "педагог-ұйымдастырушысы" лауазымы бойынша қазақ және орыс сыныптарында қызметке байқау жарияланады, лауазымдық жалақысы педагогикалық өтілі мен біліктілік санатына байланысты 110 мың теңгеден жоғары.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылдың 21 қыркүйектен 30 қыркүйекке дейін
Жұмыс тәртібі: дүйсенбіден жұмаға дейін (қоса алғанда), белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін. Түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Мереке күндері демалыс.
Педагогтерді орта білім беру ұйымдарына лауазымдарға тағайындау конкурсы "Педагогті жұмысқа қабылдау" модулінде (бұдан әрі - Модуль) (https://hr-nobd.edu.kz/) жүзеге асырылады.