Конкурс жарияланған лауазым атауы:
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №47 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ психологиялық-педагогикалық қолдау кабинетінің әдіскері (тұрақты жұмыс орнына).
Конкурсты өткізу орны мен мерзімі:
Абай облысы, Семей қаласы, 6 линия көшесі, 18А.
Байланыс телефоны: 8 (7222) 64-19-15.
Электрондық мекенжайы: new_school_47@mail.ru.
Конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі және құжаттарды қабылдау орны:
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №47 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттарды қабылдау «Enbek.kz» сайтында және Абай облысы білім басқармасының «Семей қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сайтында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады. Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы рет жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Көрсетілетін қызметті берушіден өтініштерді қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 09.09.2026 жылдан 18.09.2026 жылға дейін, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін.
Түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін.
Құжаттар Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №47 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де қабылданады.